Құрылған жылы:
Жоғарғы сатылы өсімдіктер флорасы зертханасы КСРО ҒА – ның қазақстандық базасындағы биологиялық сектордың құрамында 1932 жылы қалыптасты. Оның жетекшілері Шишкин Б.К. (1932 ж.), Попов М.Г. (1936 ж.), Павлов Н.В. (1937 ж.) болды.
Жоғарғы сатылы өсімдіктер флорасы зертха-насының Ботаника институтында әкімшілік бө-лімшесі қатары құрылуының ресми уақты 1945 жыл.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:
Биологиялық алуантүрлілікті туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялау Қазақстанда 1994 ж. іске асырылғанымен, 1999 жылы Қазақ-станда биоалуан түрлілікті сақтаудың бірінші кезекте, ғылыми негізделген шарасын қабылдау үшін оның жағдайын анықтау негізі қатары еліміздегі биологиялық алуантүрлілікті толық инвентаризациялаудың Ұлттық стратегиясы жасалды. Флористикалық және таксономиялық зерттеулерден тұратын бұл мәселеге өте жоғары көңіл бөлінді. Басты бағыттардың біріне: әр аймақтың алуантүрлілігін әр түрлі таксономиялық деңгейдегі жүйелік ерекшелігімен анықтау жатады. Бұл ғылыми зерттеулер құрамында 6000-нан аса түр флорасы бар Қазақстан үшін өте өзекті.
Қазақстан флорасын инвентаризациялау үшін кезеңдердің бірі облыстық Кадастр басып шығару.
Эндемдік және сирек кездесетін түрлердің шоғырланған жері – басты ботаникалық территорияларды анықтау және сақтау үшін заманауи әдістеме дамып жатыр.
Маңызды бағыттардың бірі аймақтық Қызыл кітаптар шығару, мұны іске асыруда тәжірибемізге дәлел қатары жарық көрген облыстық Қызыл кітаптарды (Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда областары бойынша) айтуға болады.
Ғылыми потенциалды нығайту мақсатында ғы-лыми зерттеулерді және гранттық тапсырмаларды орындау үшін жас мамандар (бакалаврлар, магистранттар) жұмысқа тартылды. Мамандығы бойынша жұмыстарды толық игерулері үшін ғылыми стажировкалар қарастырылған.
Табиғи қорларды сақтаудағы басты бағыт-тардың бірі құрамында эндем және сирек кездесетін түрлердің болуымен жоғарғы деңгейдегі алуантүрлілігімен ерекшеленетін табиғи флораның учаскелерін бастаулы ботаникалық территорияларды анықтау болып саналады.
Зертхана қызметкерлері саны: 15 қызметкер:
Соның ішінде 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаттары, 1 магистр, 2 магистрант, 2 бакалавр, 1 бакалавриат.
Зертхана қызметкерлері
Жетекші ғылыми қызметкерлер:
Веселова Полина Васильевна – биология ғылым-дарының кандидаты
Данилов Михаил Петрович – биология ғылым-дарының кандидаты
Мухтубаева Сауле Какимжановна – биология ғылымдарының кандидаты
Аға ғылыми қызметкерлер:
Садырова Гульбану Ауесхановна – биология ғы-лымдарының докторы
Шорманова Айжамал Абдраймовна – биология ғылымдарының кандидаты
Курмантаева Альфия Араловна – биология ғылымдарының кандидаты
Нелина Наталия Васильевна – биология ғылым-дарының кандидаты
Закирова Рауза Оразовна – биология ғылым-дарының кандидаты
Кіші ғылыми қызметкерлер:
Ахатаева Динара Абдрашитовна
Билибаева Ботагоз Курманбаевна
Аға лаборанттар:
Жексен Олжас Бахтыбайулы
Жумадилова Айнел Меирхановна
Серікқызы Нүрайым
Кенесбай Ақерке Хажымүратқызы
Осмонали Бектемір Бірімқұлұлы
2013 - 2017 Ж. ЗЕРТХАНА ЖЕТІСТІКТЕРІ
Осы уақыт аралығында зертхана қызметкерлері 8 гранттық жобаны, 2 бағдарламаны және келісімді жұмыстарды орындауға қатысты.
Іргелі зерттеулер негізі болып 1933 жылы Жетісудағы Өлкелік музей базасында әйгілі ғалым М.Г. Попов құрған бірегей Гербарий қоры саналады. Институт Гербариі ТМД – ндағы ұлттық маңызды, АА халықаралық индекске ие басты ботаникалық
коллекциялар тізіміне енген. Гербарий Қазақстан-
ның бай флорасы толық жиналған Республика-мыздағы жалғыз ботаникалық коллекцияларын сақтау қоймасы. Коллекция қорының көлемі жыл сайын жаңа жиналған материалдармен толығып отырады. Соңғы кездері Институт Гербарий қоры 259 мың гербарий үлгілерімен (папоротниктәрізділер, жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктер) то-лықты. Қазақстан флорасындағы эндемдік және реликті түрлері жиналған. Гербарий құрамында Қазақстан территориясынан табылған, ғылым үшін жаңа таксондар жиналған типтік Гербарий бөлінген.
2014 жылы гербарийдің негізгі қорына оларды сақтау және зиянкестерден қорғау мақсатында фумигация жүргізілді. 2016 жылы гербарийдің негізгі қорына ҚМБ – сынорындау барысында гербарий шкафтары толығымен ауыстырылды. Жабдықталғаннан соң коллекциялық материал толығымен олардың таксономиялық жүй-елілігі сақталып, орналастырылды. 2017 жылы виртуальдық гербарий қорын жасау мақсатында коллекциялық үлгілерді сканирлеу жұмысы басталды.
2016 жылы қазанда Республика Парламенті мәжілісінде коллекция қорын сақтау және дамы-тудың өзекті мәселелері туралы талқылау болды (баяндамашы Г.Т. Ситпаева). Қазақстан үкіметіне жасалған ұсыныстардың қаулысында коллекция қорын сақтау және дамытудың халықаралық тәжірибесін еске ала отырып Ботаника және фитоинтродукция институтындағы гербарий қорына Ұлттық қазына мәртебесін беру қажеттілігі көр-сетілген.
2012-2013 ж. жоғарғы сатылы өсімдіктер флорасы зертханасының қызметкерлері микология және альгология зертханасының қызметкерлерімен бірге «Қазақстанның ботаникалық алуантүр-лілігінің ерекшелігін зерттеудің ғылыми негізі қатары сирек кездесетін (түтікшелі өсімдіктер, балдырлар және саңырауқұлақтар) түрлердің гербарий коллекциясын құру және сақтау» жобасын орындады. Ғылыми жетекшісі б.ғ.д. Ситпаева Г.Т. («Іргелі зерттеулер негізі қатары өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, вирустар және
бірегей генетикалық банкінің коллекциялық қорын сақтау және дамытуды қамтамасыз ету» тематикасы көлемінде орындалды). Мұны орындау барысында жеке аймақтардың флорасы мен микобиотасының заманауи құрамына қорғауды қажет ететін түтікшелі өсімдіктер, балдырлар және саңырауқұлақтардың сирек кездесетін түр-леріне сиректік мәртебесін анықтау және гербарий коллекциясын құру үшін скрининг жүргізілді.
2012 - 2014 ж. «Қазақстанның басты ботаникалық территориялары – өсімдіктер жағдайының мониторинг негізі (солтүстік Тяньшань бота-никалық-географиялық подпровинциялары мысалында)» (геоботаника зертханасы қызметкер-лерімен бірге) гранттық жоба орындалды. Жобаны орындау барысында аумағы 13321 га 32 ҚББТ анықталды. Белгіленген жерлерден құрамында эндемдік және сирек кездесетін түрлердің болуымен, түрлердің көптігімен және өсімдіктер қауымдастығының ішкі ценоздық құрылымын есептеумен флоралық және фитоценологиялық алуантүрлілігі зерттелді. Бұл жоба Қазақстандық басты ботаникалық территориялардың жүйесін қалыптастырудағы және әлемдік ББТ жүйесіне біздің еліміздің қосылуына арналған алғашқы нақты қадам болды және Республикамыздағы өсімдіктер әлемін сақтаудың бұған дейін белгілі әдістердің қолданылуына, жаңа шешімдерін іздеуге жол ашты. Жобаны орындау нәтижелері Еуропа-ның жабайы өсуші өсімдіктерін қорғауға арналған 7 Еуропалық конференцияда «Plants for people, People for Plants» (Ханья қ., Крит, Греция, 2014 ж.) қолдау тапты.
2013-2015 ж. – зертхана қызметкерлері «Қазақстанның мәдени өсімдіктерінің жабайы туыстарының ботаникалық алуантүрлілігі азық-түлік бағдарламасын іске асыру үшін агроалуантүрлілік генетикалық қорын байыту және сақтаудың негізі қатары» ғылыми – техникалық бағдарламаны орындауға қатысты. Жұмысты тиімді орындау үшін Институттын гербарий қорына скрининг жүргізі-ліп, мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының көптеп шоғырланып өсетін орындары анықталды. Тұқымдық материал жинау үшін Қырғыз Алатауы, Тарбағатай, Зайсан ойпаты, Іле Алатауы және Сырдария өзенінің аңғарлары тесеріліп іс сапар ұйымдастырылды.
2015 -2017 ж. зертхана қызметкерлері «Жасыл экономикаға өту жағдайында Республикалық маңызды ерекше қорғалатын табиғи террито-риялардың – оңтүстік – шығыс және орталық Қазақстандағы мемлекеттік ботаникалық бақтар-дың генетикалық қорларын тұрақты басқару» МФБ-сын орындап жатыр. Ғылыми жетекшісі б.ғ.д. Ситпаева Г.Т.
Флора зертханасының қызметкерлері екі сала бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы салалар бойынша жұмыстардың орындалуы «Гербарий коллекциясының коллекциялық қорын сақтау және дамытуды қамсыздандыру» саласын орындау Гербарий қорын сақтау бойынша санитарлық – профилактикалық іс – шараларын (фумигация, ескірген тыстарын, этикеткаларын т.б. ауыстыру) жұмыстарын қамтиды.
Негізгі Гербарий қорын толықтыру экспедицияға шығу арқылы жиналған материалдармен және бұрынғы жылдары жиналған гербарий материалдарын қайта қару есебінен болады. Флоралық аудандар құрамы бойынша мәліметтер толықтырылып, түрлердің таралу шекаралары және олардың эко-логиялық тұрақтануы анықталады.
«Бас ботаникалық бақтың спонтанды флорасын зерттеу» предусматривается саласы ботаникалық бақтың спонтанды флорасына инвентаризация жүргізеді. Спонтанды флораның қазіргі жағдайы-ның қалыптасу процесін түсіну үшін Гербарий қорының мәліметтер базасында көрсетілгендей түрлік құрамына анализ жүргізілді. Зерттеудің өзекті мәселесі болып, өсіп-өну жағдайын басқару мәселесі жахандық деңгейде қаралып жатқан инвазиондық басқа жерлік түрлерді анықтау бо-лады. Зерттеу ақталған соң жинақталған материал, спонтанды түрлердің мәліметтер базасын құруға, флора компоненттерінің инвазиондық түрлерін бөліп алу және олардың агрессиялық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Флора зертханасының стратегиялық бағыты ботаникалық алуантүрлілікті зерттеу болып табылады. Бәрінен бұрын эндемдік, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерді зерттеу. Жедел қатаң қорғауға алынатын флораның сирек кездесетін элементтерін зерттеу және қорғаудың тиімді шараларын дайындау мен олардың популя-цияларының қазіргі жағдайын бағалау іске асырылады. Антропогендік бұзылған территориялардың түрлік құрамы бойынша зерттеу жұмыс-тары жүргізілуде. Бұл бағыт 6 гранттық жобада
(2015-2017 ж.) қаралып жатыр.
«Боралдай тауы және оған жуық жатқан Сырдардария Қаратауы территориясының эндемдік, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер түрлерінің қазіргі жағдайы» атты граннтық жобада (жетекшісі Кұрмантаева А.А.). Зер-ттеудің негізгі бағыты – Боролдай тауының батыс және шығыс бөліктері өсімдіктерінің эндемдік, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін анықтау. Байқалмақ шатқалы, Үлкентұра тауының айналасы, Боролдай өзенінің аңғары, Қоңыртөбе, Шақпақ шатқалдарының территория-лары ботаникалық маңызды деп танылды. Боролдай тауының эндемдік, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер түрлерінің таралу шекаралары анықталды. Қызыл кітапқа енген 24 сирек кездесетін түрлердің өсу орны анықталды.
По результатам, полученным в ходе выполнения проекта «Кетпен жотасы өсімдіктері эндемдік, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін анықтау, популяцияларының қазіргі жағдайын бағалау және оларды тиімді сақтау бойынша ұсыныстар жасау» жобасын орындау барысында жотаның шығыс бөлігінің эндемдік, субэндемдік, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлеріне сараптама жүргізіліп, (жетекшісі Садырова Г.А.), нәтижесінде 20 сирек кездесетін, эндемдік, субэндемдік және түрлері мен 9 қызыл кітапқа енген түрлер анықталды.
Күнгей жотасының алуантүрлілігін анықтауға: «Қазақстанның трансшекаралық территориялары Күнгей Алатауы жотасының шығыс бөлігі флорасының алуантүрлілігіне сараптама» атты гранттық жоба арналған. (Жетекшісі Мухтубаева С.К.).
Нәтижесінде Күнгей Алатауы жотасының шығыс бөлігі флорасын инвентаризациялау кезінде 1051 түтікшелі өсімдіктер түріанықталды. Күнгей Алатауы жотасы үшін типтілі қауымдастығы бар 5жер бөлігі сипатталып жазылды. Қазақстанның қызыл кітабына енген сирек кездесетін өсімдік-тердің қазіргі жағдайын бағалау үшін 6 мониторинг алаңы белгіленді.
Солтүстік Қызылқұм территориясында өсімдік-тердің динамикалық процесін бағдарлау үшін ма-лазығы қатары пайдаланылатын флора құрамын инвентаризациялау мақсатында «Қазақстанның (Қызылорда облысы мысалында) шөлді жайылымдарын тиімді пайдаланудың ғылыми әдісі – мал шаруашылығы өрістерінің өсімдіктер түрлеріне мониторинг жүргізу» атты гранттық жоба орындалуда. (Жетекшілері: Веселова П.В., Кудабаева Г.М.). Зерттеу нәтижесінде өсімдіктердің түрлік құрамы анықталып, мал жиі бағылатын Сырдария өзені аңғары флорасына синантропизациялау индексін алдын ала анықталды, мониторинг алаңы белгіленді, 50 %-ға жуық пасквалды арамшөптерден тұратын Қазалы массивіндегі күріш алқаптарының қараусыз қалған жерлері өсімдіктерінің таксондық құрамы анықталды.
«Қырғыз Алатауы флорасының түрлік құра-мының корреляциясын антропогенді әсерге байланысты анықтау» (жетекшісі Нелина Н.В.) атты гранттық жобаны орындау барысында Қырғыз Алатауының Мерке, Қарақыстақ, Қайыңды және Сөгеті шатқалдары флорасының қазіргі түрлік құрамы анықталып, зерттелуші территориялардың ботаникалық әртүрлілігіне негативті әсер етуші факторлар белгіленді және флора құрамы-ның динамикасына антропогендік әсер ету деңгейі анықталды. Зерттелуші территориялардан 3 түрлі сирек кездесетін өсімдіктердің тізімі жасалып, республикалық мәртебедегі Батыс – Қырғыз ЕҚТТ-ды құру үшін белгіленген жерлер ұсынылды.
Антропогендік факторлардың әсерінің күшейуі қалалық агломерация жағдайында қалыптасатын және ерекше құрылымдағы антропогендік трансқұрылымдық флораның жаңа типінің – урба-нофлораның пайда болуына алып келеді. «Алматы қ. урбанизациялық флора экожүйесі» (жетекші-сі Садырова Г.А.) жобаны орындау кезінде Алматы қ. Алмалы, Әуезов, Жетісу және Алатау аудандары урбанофлорасының ағаш-бұта және шөптеріне сараптама жасалып, 265 түрі анықталды. Алматы қаласында 3 саябақ және 1шағын тоғай зерттелді. Флора сараптамасы нәтижесі өсімдіктердің көп пайызы синантропты түрлер екенін көрсетті.
2014 жылы Қазақстанның қызыл кітабының 2-ші басылымы жарық көрді. Оның негізгі орындаушылары ботаника және фитоинтродукция инсти-тутының қызметкерлері. Кітапқа мемлекеттік қор-ғауды қажет ететін өсімдіктердің 80 түріенгізілді.
Зертхана қызметкерлері ЭКСПО-2016 (Анталия, Түркия) материал дайындауға және өткізуге белсенді қатысты. Соңғы 3 жылда экспедицияға шығу арқылы жиналған алғашқы гербарий материалдарын таңдау жасалды. Гербарий панелдерін безендіру үшін 50 гербарий данасытаңдап алынды. Демонстрациялық панелдерді көрсету кезінде әр түрлі зоналарда, таулық белдеулерде өсетін өсімдіктердің гербарий үлгілері пайдаланылып, оларға қысқаша сипаттама берілді. ЭКСПО қатысушыларына ерекше қызығушылығын таныт-қан стендке салынған Қазақстан флорасындағы эндемдік, сирек кездесетін және реликті түрлер және палеоботаникалық таңбалар, іздер болды.
Зертхана дамуының болашағы
Зертхана іргелі зерттеудің бағытын сақтап және жалғастырып келеді. Бірінші кезекте Қазақстанның әр түрлі аймақтарының флорасына инвентаризация жасау. Биосфераның барлық компонент-теріне адам әсерінің күшеюін еске алумен Рес-публика флорсының ботаникалық алуантүрлілі-гінің қазіргі жағдайына баға беру қажеттігі туындайды. Флора және жеке таксондардың эволюци-ясының теориялық мәселелерін шешу бойынша зерттеу жұмыстары өзекті болып саналады. Қазақ-стан өсімдіктерінің кейбір жүйелік топтарын монографиялық өңдеуге байланысты жұмыстар жалға-суда.
Сирек кездесетін, эндемдік және реликті түрлерді сақтау, соның ішінде белгілі бір территориялар-дағы жойылуға ұшыраған өсімдіктер қорлары мә-селелерін аймақтық Қызыл кітаптар орындайды. 2002-2014 ж. аралығында Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысының Қызыл кітаптары жарық көр-ді. Қазақстанның Қызыл кітаптарын қайта басып шығаруға негіз болатын зерттеудің осы бағытын жалғастыра беру қажет.
Зертхананың аймақтық өсімдіктер Кадастрын жасауда тәжірибесі бар. Қазақстанның барлық облыстарының өсімдіктер Кадастрын жасау үшін жұмысты жалғастыра беру керек.
«Қазақстан флорасын» басып шығарғаннан бері 50 жылдан асқанын есепке алсақ, «Қазақстан флорасының» 2-ші басылымына дайындық көру өзекті мәселенің бірі болып табылады. Қазақстан-ның кейбір территориясының түрлік құрамын зерттеу бойынша орындалып жатқан гранттық жобалар, сол аймақтардың флорасын толық инвен-таризациялауға және Республика флорасы туралы жинақталған мәліметтерін жасаушы кезең болып саналады.
Жоғарғы сатылы өсімдіктер флорасы зертханасы институттағы республикалық мәртебеге ие негізгі Гербарий қорын сақтаушы болып саналады. Коллекцияның көптігін және оның маңыздылы-ғын ескерсек, коллекциялық материалды сақтау және толықтыру зертхананың негізгі міндеті болып саналады.
Гербарий қорындағы мәліметтер қорын пайдалану және оны сақтаудың заманауи әдістерін енгізу болашақтағы жұмыстардың басты және маңызды мәселелерінің бірі. Коллекциялық қор бойынша мәліметтер базасын құру қазірдің өзінде бар ақпараттық материалды жылдам пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда Қазақстан флорасы түрлдерінің алуантүрлілігі бойынша виртуалдық мәліметтер базасын құру қажет.