Ғылыми бағыттар
Қызметтің мақсаты – әлемдік ғылыми жетістіктерді есепке ала отыра, ботаника және өсімдіктердің жерсінуі саласындағы іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулерді өткізу болып табылады.
Бағытты мақсатты орындау үшін келесідей міндеттер атқарылуда:
- Өсімдіктердің жерсінуі, флора, өсімдік және өсімдік ресурстары, өсімдіктердің тектік қоры туралы жаңа білім алу;
- Жаңа тиімді зерттемелерді енгізудің ғылыми-техникалық қамсыздандыруын жасап шығару;
- Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар әлемдік ғылым жетістіктерін зерттеу және жинақтау жәнеде осы жетістіктерді Қазақстан Республикасында пайдалану;
- Қазақстанның өсімдік әлемін қорғау, сақтау, өндіру және пайдалану саласында зерттелер және ғылыми жұмыстар өткізу, сондай-ақ әлемдік маңызға ие Қазақстан флорасының ресурстарын тиімді сақтау және меңгерудің ғылыми негіздерін құру;
Қазақстанмен ратификацияланған биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға және өсімдіктерді сақтап қалу Ғаламдық стратегиясына сәйкес институттың іргелі зерттеулерінің басым бағыттары:
- Қазақстанның ботаникалық әртүрлілігінің қазіргі заманғы жағдайының мониторингі.
- Өсімдіктер жерсінуінің экологиялық негіздерінәзірлеу.
- in-situ және ex-situ сирек кездесетін және эндемикалық өсімдіктер түрлерінің тектік қорын сақтап қалу және тиімді тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету.
- Қазақстанның өсімдік ресурстарын тұрақты және ұтымды пайдаланудың ғылыми негізін әзірлеу.
Қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары:
- Республиканың дамуын қамтамасыз ету үшін генетикалық әлеует ретінде Қазақстанның мемлекеттік ботаникалық бақтарының тірі өсімдіктер топтамалық қорларын сақтап қалу және дамыту.
- Теориялық және қолданбалы зерттеулер негізі ретінде өсімдіктердің гербарлық қорын сақтап қалу және дамыту.
- Жасыл құрылысты дамыту және экологиялық проблемаларды шешу үшін ағаш өсімдіктерінің ерекше құнды түрлерін жартылай өндірістік көбейтуін қамтамасыз ету.
- Техногенді экожүйенің фитомелиорациясы бойынша шараларды әзірлеу.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ (соңғы 5 жылда)
ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фито жерсіндіру институты» РМК келесі ғылыми тақырыптарды орындады және орындап келеді:
2006-2008 жж.
1.«Қазақстанның ботаникалық бақтары тектік қорының жерсіндіріп байыту дақылдарға енгізу технологияларын құру» (Ситпаева Г.Т.).
2.«Оңтүстік Алтай өсімдік қабаттарының және өсімдік ресурстарын тепе-тең пайдалану ғылыми негіздері» (Огарь Н.П.).
3.«Қазақстанның фито-микобиот түр белгілері әртүрлілігінің қазіргі заманғы жағдайы» (Құдабаева Г.М., Нам Г.А.).
4.«Орталық Қазақстандағы өсімдіктердің жерсінуі» (Чекалин С.В.).
5.«Оңтүстік Балқаш маңындағы өсімдіктердің жерсінуі» (Мұхитдинов А.С.).
2009-2011 жж.
1.«Қазақстанның бас ботаникалық бағының топтамалық қорын сақтап қалу, толықтыру және дамыту» (Ситпаева Г.Т.).
2.«Жезқазған ботаникалық бағының топтамалық қорын сақтап қалу, толықтыру және дамыту» (Ишмұратова М.Ю.).
3.«Өсімдіктер, саңырауқұлақтар және қыналардың гербарлық қорын сақтап қалу, толықтыру және сипаттау» (Құдабаева Г.М., Нам Г.А.).
4.«Егілетін өсімдіктердің түр белгілері әртүрлілігін байыту және Қазақстан өсімдіктерінің түр белгілері әртүрлілігінің басым құрамдастарын тиімді пайдалану, in-situ және ex-situ сақтап қалу бойынша ұсыныстарды әзірлеу» (Ситпаева Г.Т.).
5.«Зайсан шұңқырындағы өсімдіктерінің кеңістіктік таралу заңдылығы» (Димеева Л.А.).
6.«Солтүстік Тянь-Шаньдағы биік таулы сирек кездесетін және пайдалы өсімдіктердің in-situ және ex-situ тектік қорын сақтап қалу үшін олардың популяциялық және онтогенетикалық ерекшеліктерін зерттеу» (Кокорева И.И.).
7.«Қазақстанның саңырауқұлақтары мен балдырларының түтіктік өсімдіктерінің (Lamiidae топ тармағы; ақұнтақ-шықты саңырауқұлақтар; диатомды балдырлар) түр белгілері әртүрлілігі, систематика және таксономиясы» (Құдабаева Г.М., Нам Г.А.).
2012 ж.
Басымдылығы бойынша:
«Елдің зияткерлік әлеуеті».
Тақырыптар бойынша:
1.«Қазақстанның оңтүстік-шығысында коммерциялауға арналған ашық және жабық топырақта өсетін гүл-сәндік өсімдіктердің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары» (Дауылбаева Г.С., Уварова Е.И.).
2.«Қазақстанның негізгі ботаникалық аумақтары – өсімдіктер жағдайы мониторингінің негізі (Солтүстіктяншанмаңының ботаника-географиялық провинция маңы үлгісінде)» (Құдабаева Г.М., Димеева Л.А.).
3.«Ғаламдық климаттық өзгерістер кезеңінде жерсіндірілген өсімдіктердің тұрақтылығының заңдылығы» (Чекалин С.В.).
4.«Шу-Іле тауларының (Солтүстік Тянь-Шань) сирек кездесетін эндемикалық өсімдіктер түрлерінің тектік қорын сақтап қалуынқамтамасыз ету үшін оның популяциясының құрылымдық заңдылықтарын анықтау» (Кокорева И.И.).
5.«Қазақстанның табиғи флорасын емдік қасиеті бар өсімдіктердің бар-жоғын тексеру үшін скрининг жасау және оларды пайдаланудың тиімділігі бойынша ұсыныстар әзірлеу» (Грудзинская Л.М.).
6.«Селекциялық жұмыстың ғылыми негізі ретінде Қазақстанның жабайы өсетін дақылдарын патогендік саңырауқұлақтарға беріктігін тексеріп скринингтен өткізу» (Нам Г.А.).
7.«Оңтүстік Балқаш маңындағы пайдаланылатын сораң цистанхе қопасының (Cistanche salsa (C. A. Mey) G. Beck) қайта жандандыру потенциалы» (Гемеджиева Н.Г.).
Басымдылық бойынша: «Өмір туралы ғылым»
Тақырыптар бойынша:
1.«Қазақстанның табиғи флорасының жеуге келетін жуа түрлері, оларды тиімді пайдалану және сақтап қалу шаралары» (Нурушева А.М.).
2.«ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сиверс алмасының клон сұрпының және қарапайым өріктің жемістерінің антиоксидантты белсенділігі» (Мұқанова Г.С.).
3.«Алматы аймағында абрикос дақылдарының генетикалық модификациясы: 1.Жеміс беруі қайта оралған көктемгі суықтарға төзімді Қазақстан табиғи популяциясынан шыққан қарапайым өріктің формаларын сұрыптық сынауды орнату» (Чекалин С.В.).
Инновациялық жобалар:
1. «Богатель» ботаникалық бағында (Франция) Қазақстан флорасының экспозициясын құру және ҚР БҒМ ҒК Ботаника және фитожерсіндіру институтында сұрыпты еуропалық сәндік өсімдіктердің топтама қорын құру» (Ситпаева Г.С.)
2. «Жабайы алманың жаңа иммундық және тазға жоғары төзімді сұрыптары және түрлерін шырын өндіру үшін өндіріске енгізу» (Мұқанова Г.С.).
2013-2015 жж.
Басымдылық бойынша бағдарламалық-бағытты қаржыландыру: Өмір туралы ғылымдар
Ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша: «Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін агробиоәртүрлілік тектік қорын байыту және сақтап қалудағы қайнар көз ретінде Қазақстанның егілетін өсімдіктерінің жабайы түрлерінің ботаникалық әртүрлілігі» (Ситпаева Г.Т.).
Қазақстанның инновациялық-индустриалды дамуы бағытында ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фито жерсіндіру институты» РММ шаруашылық келісімшарт жобасын орындаумен қатысуда.
Қазақстан Республикасының 2050-ші жылға дейін Стратегиялық даму жоспары аясында 2013-ші жылдың сәуірінде «БИС-ГРУПП» ЖШС (Қызылорда қ., директор Ахметов Р.Д.) жасап шығарған мия тамырын Қызылорда облысының аумағында өңдеу және өсіру бойынша инвестициялық бизнес-жоба құпталды және «БИС-ГРУПП» ЖШС-мен ұзық мерзімді ғылыми серіктестік туралы келсімшартқа қол қойылды. Осы кесімшарт негізінде ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фито жерсіндіру институты» РММ келесі бағыттар бойынша ұсынылған бизнес-жобаның ғылыми сүйемелдеуін қамтамасыз етеді: мияны өсімдік ретінде өндірістік өсіру бойынша кеңес беру (Қызылорда облысының аумағында мияны тұқымдық және вегетативті әдістермен өсіру бойынша ғылыми әдістемелік ұсыныстар); жабайы өсетін мия қопаларын ресурстық зерттеу, оның ішінде мия тамырын шығару және өсіру бойынша институт мамандарының ұсыныстарының орындалуына авторлық қадағалау бар. Алдағы уақытта бұл бағалы өсімдіктің емдік-техникалық шикзатынан түскен табыстың мемлекет бюджетіне түсуін қамтамасыз ету үшін мия тамырының облыс аумағынан шығарылатын экспорт көлемін қысқарту немесе толықтай тоқтату және шикізатты аймақта, мияның өсетін табиғи жерлерінде өңдеу көзделіп отыр.