Ғылыми жетістіктер
Институтта орындалып жатқан ғылыми бағдарламалар мен жобалар: азық-түлік қауіп-сіздігі, табиғи ресурстарды қорғау, (Қазақстан республикасы Президентінің үшінші және алтыншы
шақыруында айтылғандай, ««Казахстан-2050» стратегиясы), экожүйелерді қорғау және ұтымды басқару (қоршаған орта және оны дамыту бойынша экологиялық құқық принциптерінің негізі мазмұнындағы Рио Декларациясы 1992 ж. маусым, Рио-де-Жанейро, Бразилия; Республикамыздың «жасыл» экономикасына өту Концепциясы, Қазақстан республикасы Президентінің жарлығы, 01.06.2013 ж.) мәселелерді шешуге бағытталған.
Соңғы бес жылда институт қызметкерлері 3 мемлекеттік ғылыми мақсатты бағдарламаларды, соған қоса 1 халықаралық бағдарламаны, 30 гранттық жобаларды, 2 инновациялық гранты және көптеген шаруашылық келісім жұмыстарын орындады.
2013-2015 жж. институт қызметкерлері «Қазақ-
станның мәдени өсімдіктерінің жабайы туыс-тарының ботаникалық алуантүрлілігі азық-түлік бағдарламасын іске асыру үшін агроалуантүрлілік генетикалық қорын байыту және сақтаудың негізі қатары» ғылыми – техникалық бағдарламаны орындауға қатысты. Әлемдік тәжірибелер негізінде бағдарлама көлемінде Қазақстанда алғаш рет БФИ-да қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы тұқым банкі құрылды. Жиналп алынған және тұқым банкіне әкелінген және тұқымды сақтауға орналастыру алдында олар кезекті дайындық кезеңдерден өтеді: тіркелу, құжаттар толтыру; бастапқы кептіру;бастапқы тазалау; алдын-ала тоңдату; екіншілік тазалау; өміршеңдігі үшін тест
(тұқым сипаттамасы); соңғы кептіру; орау. Содан кейін тұқым сақтауға қойылады. Базалық (орта және ұзақ мерзімді) коллекция түріне байланысты -18°C температурада сақталады, ал белсенді (қысқа мерзімді) коллекция – 0+4°С температурада.
Мәдени өсімдіктерінің жабайы туыстарын зерттеу (МӨЖТ) Қазақстанның барлық аймағында, соның ішінде ірі ЕҚТА аймақтарында жүргізілді. Бүкіл зерттеу кезеңінде МӨЖТ-ның 425 түрінің 3000 – нан аса тұқымы жиналды. Өсімдіктер қауымдастығының алуантүрлілігі МӨЖТ-ның қатысуы және доминанттығы зерттелді. Таулардағы биіктік белдеулеріне, жазықтық жерлердің су режиміне байланысты фитоценологиялық алуантүрліліктің таралу заңдылықтары анықталды. МӨЖТ-на бай өсімдік типтері анықталды. МӨЖТ түрлері ареалының картасы жасалды. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында МӨЖТ 38 түрінің шикізат қоры анықталып есепке алынды, соның ішінде 35 түрі тұрақты шикізат қорымен қамтамасыз етілген. МӨЖТ-да фитопатогендердің 447 түрі анықталды. Орындалған бағдарлама көлемінде: Бас ботаникалық бақ территориясында МӨЖТ-ның тағамдық, шаруашылыққа бағалы және сирек кездесетін түрлерге арналған репродукциялық питомник құрылды; Институттың жемісті өсімдіктер коллекциясы қоры жабайы жемісті өсімдіктердің 13 түрі және 44 үлгілерімен толықты; Қазақстанның жоғары сатылы өсімдіктерінің МӨЖТ екені анықталып, 617 түріне төлқұжат дайындалды және соның ішіндегі кейбір түрлерге мемлекеттік тіркеу құқықтары туралы куәлік берілді.
2015 жылдан бастап Институт «Жасыл экономикаға өту жағдайында Республикалық маңызды ерекше қорғалатын табиғи территориялардың – оңтүстік – шығыс және орталық Қазақстандағы мемлекеттік ботаникалық бақтардың генетикалық қорларын тұрақты басқару» мемлекеттік мақсатты ғылыми – техникалық бағдарламаны (ҒТБ) орындап жатыр (2015-2017 жж.). Бағдарлама қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі - Қазақстанның ботаникалық (биологиялық алуантүрліліктің бөлігі қатары) алуантүрлілігінсақтап қалуға бағытталған. Бұл мәселені шешу құрамына 3 өзіндік блоктарды: тірі өсімдіктер коллекциясы, гербарий коллекциясы және Қазақстандағы жалғыз Қазақстанның табиғи флорасының тұқым банкін біріктіріп тұрған Институттың бірегей коллекция қорын сақтау және дамуын қамтамасыз етуден тұрады.
Бағдарламаны іске асырудың ең маңызды нәтижелері:
- 2016 жылы Бас ботаникалық бақта табиғи флораның сирек кездесетін, эндемді түрлерге арналған коллекциялық участок құрылды және мұнда алдыңғы кезекте іске асатыны коллекция қорының жарық сүйгіш көп жылдық өсімдіктерді (құртқашаштар, лалагүлділер, флокстар т.б.) интродукциялауды қалпына келтіру;
- Ботаникалық ғылымның дамуына жаһандық үрдістерге сәйкес Бас ботаникалық бақта инвазиондық (спонтандық) флораны үйренуге бағытталған зерттеулер жүргізілуде;
- Алматы қаласын көгалдандыру үшін ағаш өсімдіктерінің жаңа ассортименті жасалды және жарияланды;
- Институт питомнигінде көгалдандыруды дамыту және экологиялық мәселелерді шешу үшін ағаш және шөптесін өсімдіктердің аса бағалы түрлері мен формаларын жартылай өнеркәсіптік көбейту жұмыстары жүргізілуде.
- 2018-2020 жж. арналған Бас, Жезқазған, Іле мемлекеттік ботаникалық бақтарын дамытудың жоспары жасалды;
- БББ-ты дамытудың «ХХI ғасыр ботаникалық бағы – жаңа технологиялар бағы» Концепциясы және Бас ботаникалық бақты модернизациялау бағытында іс-шаралары жасалды;
- Бас ботаникалық бақ территориясының топографиялық картасы (25 000 ағаш өсімдіктерінің топокартасын қоса) жасалды және ботаникалық бақ территорисы топырағының қазіргі жағдайына сараптама жасалды;
- Ғылыми коллекцялар мен бақтағы өсімдіктерді үздіксіз суаруға арналған ағын жылдамдығы 40 куб. м/сағ, тереңдігі 250 м гидрогеологиялық ұңғымаларды жобалау, барлау және бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
ҚР үкіметінің тапсырмасы бойынша Институттың ғылыми жобаларының нәтижелері 57 ел қатысқан халықаралық ЭКСПО 2016 «Гүлдер және балалар» (Анталия қ.) ботаникалық көрмеде көрсетіліп 3 орынды иеленді және ЕҢ АҚПАРАТТЫ деп бағаланды!
Бағдарлама инициаторы, негізгі жобасын жасаушы және жетекшісі қатары институттың бас директоры ҚазҰАЖҒ академигі, биология ғылымдарының докторы Г.Т. Ситпаева баяндама жасады.
2016 жылы 3 қыркүйекте «Қазақстан күнін» мерекелеу көлемінде халықаралық ЭКСПО 2016 ботаникалық көрмесінде Институт «Қазіргі кездегі Еуразия өсімдіктер дүниесінің тектік қорын сақтау және тұрақты пайдалану» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді. Оның резолюциясында мемлекетаралық ғылыми – практикалық жобалар жүйесін кеңейту қажеттілігі мен оларды интеграциялаудың жаңа принциптерін жасау атап көрсетілді.
2017 жылдан бастап Институт халықаралық Pannon Breeding (Венгрия) инновациялық бағдарламаны іске асыруға қатысады.
Сонымен қатар, «Жасыл экономикаға өту жағдайында Республикалық маңызды ерекше қорғалатын табиғи территориялардың – оңтүстік – шығыс және орталық Қазақстандағы мемлекеттік ботаникалық бақтардың генетикалық қорларын тұрақты басқару» бағдарламасын іске асыру шеңберінде: Бас ботаникалық бақты реконструкциялау бойынша оның инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сәйкестендіруге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Сондықтан, оңтүстік Корея технологиясымен құрылған (оның тұсаукесері 19.04.2017 ж. өтті) қазіргі заманғы жылыжай кешені сатып алынды және орнатылды. Сондай-ақ ғылыми коллекция үшін қазіргі заманғы қоршаулар орнатылды. Сонымен қатар, АА Гербарий қоры үшін жаңа шкафтар сатып алынды.
Аталған бағдарлама шеңберінде БББ тірі өсімдіктер коллекциясын зерттеу негізінде өсім-діктерді болжау және интродукциялаудың жүйелік-ареалогиялық әдісі жасалды. Бұл әдістің ерекшелігі табиғи климаттық сипаттамасына және культигендік ареалы бойынша ғана емес, түрдің қоныс аударуының фитогеографиялық заңдылықтары бойынша интродукция нәтижелерінің келешегін болжауға болады. Аналық түрден ұрпақ түрдің «оңтүстікке» тереңірек таралуына қарамастан, «оңтүстік» түрдің суыққа төзімдігінің мүмкіндігі аналық түрдегі сияқты жоғары болуы мүмкін. Осылайша өсімдіктердің экологиялық пластикасы туралы теориялық ұғымдар нақтыланды.