Институт жайлы
Институт 1932-ші жылы құрылған. Оның құрамында ауданы 103,6 га Басты ботаникалық бақ, ЖББ және ІББ филиалдары бар. Аумақтың мәртебесі – Республикалық маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстан Республикасының 2006-шы жылғы 07-ші шілдедегі №175-ІІІ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы» Заңымен және 2005-ші жылдың 19-шы шілдесіндегі №776 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Республикалық маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне» сай ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фито жерсіндіру институты» РМКБасты ботаникалық бағына, оның филиалдары Жезқазғандық және Іле ботаникалық бақтарына Республикалық маңызыбар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген. Сәйкесінше аталмыш ұйымдар ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңының құзіретіне енеді.
Бұл заңға сай «Мемлекеттік ботаникалық бақ – табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ол өсімдік әлемін, оның ішінде жойылуға жақын және сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау, өндіру және пайдалану бойынша зерттеулер жасауға және ғылыми зерттемелер өткізуге арналған.