Геоботаника зертханасы

1945 құрылған Год создания 1945 Established in 1945

Зерттеулердің басты бағыттары:

●           Экологиялық-фитоценоздық және ботани-

калық-географиялық зерттеулер.

●    өсімдік жамылғысы мен экожүйелерді дис-танциялық зондылау (ДЗЗ) және ГАЖ негізінде картографиялау

●    Өсімдікжабынның табиғи және антропогендік динамикасы

●    Өсімдікжабынның антропогендік трансформациясын бағалау

●    Ботаникалық алуандықты түр, фитоценоз,

экожүйе және ландшафттық ұйымдасу деңгей-лерінде зерттеу

●    (ДЗЗ) және ГАЖ мәліметтері негізінде ареалдар мен экологиялық қуыстарды моделдеу

●    Бұзылған жерлерді фитомелиорациялау және биологиялық рекультивациялау

●    Өсімдік жамылғысын қалпына келтіру әдістерін құрастыру

Зертхана қызметкерлері:

Зертхана меңгерушісі – б.ғ.д. Димеева Л.А.

Қызметкерлер: ЖҒҚ:б.ғ.д., проф. Курочкина Л.Я., б.ғ.к. Сұлтанова Б.М., б.ғ.к. Пермитина В.Н.; АҒҚ: б.ғ.к.Үсен Қ.,б.ғ.к. Лысенко В.В., б.ғ.к. Исламгулова А.Ф., б.ғ.к. Зверев Н.Е., а/ш.ғ.к. Кердяшкин А.В., Садвокасов Р.Е.; Ғ.Қ. Говорухина С.А., КҒҚ: Иманалинова А.А., Аблайханов Е.Т., аға лаборант: Салмуханбетова Ж.К., лаборант: Шалгымбаева С.Ж.

2013 – 2017 жылдардағы зерттеулердің нәтижелері:

Бағдарламаларға қатысу:

Бағдарламаға қатысу: «Қазақстан мәдени өсім-діктерінің жабайы туыстарының ботаникалық алуандығы азықтық бағдарламаны іске асыру жолындағы агробиоалуандықтың геофондын молайту және сақтау көзі», міндеттер блоктары: «МӨЖТ тұқымдарын жинау орындарының фитоценоздық сипаттамасы және ареалдарын картографиялау» (2013-2015 жж.): Қазақстанның оңтүстік-шығысының МӨЖТ фитоценоздық заң-

дылықтары анықталды, 29 флоралық аудандар мен ерекше маңызды түрлер (пісте, мия, Іле

бөріқарақаты және т.б.) ареалдарындағы тұқым-дарды жинау орындарының картасы жасалды.

Бағдарламаға қатысу: «Орталық және Оңтүстікшығыс Қазақстанның Мемлекеттік ботаникалық бақтарының – республикалық маңыздағы ерекше

қорғалатын табиғи территориялардың генетика-лық корын «жасыл экономикаға» көшу жағдай-ында орнықты басқару», міндеттер блоктары: «БББ-тың өсімдікжабыны мен спонтанды флорасы» (2015-2017жж.): БББ-тың спонтанды флорасына жікқабаттылық тән екені, олардың флоралық элементтеріне табиғи флора түрлері де, бөтен түрлер де жататыны анықталды.

Кейбір бөтен түрлер доминант-трансформерлерге айналады да, инвазиялық сипатқа ие болады (ақ инеш, америка үйеңкісі, тікенді қараөрік, райграс, түйешырмауық). Бітісіп кеткен ағаш екпелері астындағы шөптесіндер жікқабаты табиғи флора түрлерінен құралады. Урбандалған жағдайда ашық алаңқайлардағы спонтанды өсімдік жамылғысы жікқабаттарының доминанттарына бәсекеге бейім бөтен түрлер ие болады.

Кешенді бағдарламаға қатысу: «Қызылорда облысының мүнай өндіру барысында бұзылған экожүйелерін биоремедиациялау», жобасы «Мұ-наймен техногендік ластанған экожүйелерді кар-тографиялық моделдер мен эксперименттік зерттеулер негізінде фитомелиорациялаудың шараларын құрастыру» (2012-2014 жж.): «Ақшабулақ» кен орнына арналған 5 карта: актуалды және потенциалды өсімдікжабын; өсімдік жамылғысының антропогендік бұзылуы; өсімдікжабынның техногендік факторларға орнықтылығы; өсімдік жамыл-ғысын қалпына келтіру шараларының карталары құрастырылды. Фитомелирация эксперименттері зертхана жағдайында топырақтың мұнаймен ластануы тұқымның өнуін 11-27%-ға, ал далалық жағдайда 37-100%-ға кемітетінін көрсетті. Изеннің ең жақсы фитомелиорант екені анықталды, бентонит сазбалшығын енгізу тұқымның жерсінуін арттырады.

Кешенді бағдарламаға қатысу: «Қайраңда мұ-най кен орындарын игеру мен жағалау белдемін мұнаймен ластанудан биологиялық тазарту әдісін құрастыруға байланысты Каспий теңізі маңының суы мен топырақтарының күйін экологиялық ба-ғалау», жобасы «Солтүстік-шығыс Каспий фитобиотасының күйін бағалау мен литорал экотонның ботаникалық алуандығын сақтау және қалпына

келтіру бойынша шаралар құрастыру» (2015-2017 жж.): литорал экотон 4 блоктан және 20 экожүйелер тобынан – 2 аквалдық блоктың экожүйелер тобынан, 2 – амфибиалдық блоктан, 11 – флуктуациялық блоктан, 2 – дистанттық блоктан, 3 антропогендік өзгерген экожүйелер тобынан (агроэкожүйелер, техногендік және урбаэкожүйелер) тұрады. Картография-лық моделдер құрастырылды, олар: Жайық өзені атырауы мен іргелес территориялардың литорал эко-

тондарының экожүйелер картасы; Солтүстік-Шы-ғыс Каспиймаңы экожүйелерінің антропогендік трансформациясының картасы. Каспий теңізі мен Жайық өзені атырауындағы балдырлардың 3 бөлімге жататын 103 түрінен тұратын альгофлорасының тізімі құрастырылды.

Гранттық қаржыландыру бойынша жобаларды іске асыру: «Қазақстанның таңдалған ботаника-лық территориялары өсімдікжабын жағдайы мониторингісінің негізі (Солтүстік тяншанмаңы бота-никалық-географиялық провинция тармағы мысалында) (2012-2014 жж.): аумағы 13321 га 32 ТБТ анықталды, олардың карталары құрастырылды. ТБТ 5 класқа, 14 топқа, 20 тіршілік ортасы типтеріне, 75 өсімдік қауымдастықтарына жатады.

3 жойылып кету кету қаупі төнген тіршілік ортасы анықталды, олар: шөлденген далалар, әктастар шығарындыларындағы петрофит бұталар, саванноид өсімдікжабын. Үш ТБТ-ны Қазақстан-ның ЕҚТТ жүйесіне енгізу ұсынылды: Арғанаты (Алакөл қорығы), Үлкен Бурылтау (Каратау қорығы), Тырнақты (Таңбалытас қорық-музейі).

«Қазіргі жер пайдалану жағдайында Сол-түстік Арал өңірінің белдемдік экожүйелерінің орнықты қызметі мен оларды реабилитациялау мүмкіндіктері» (2015-2017 жж.): өсімдікжа-

бынның табиғи және антропогендік динамика-сының заңдылықтары анықталды. Табиғи динамикасы қауымдастықтардың доминанттары мен

субдоминанттарының тіршілігіне негізделген

эндоэкогенетикалық сукцессиялар және топырақ-тың тұздануы мен эрозиясына, құмдардағы мезобедер сипатына тәуелді экзогендік сукцессиялар арқылы жүреді. Антропогендік динамикасы жайылым және жол дигрессиясына байланысты. Ірімасштабты карталар құрастырылды, олар: өсімдікжабын, өсімдікжабынның антропогендік трансформациясы, өсімдік жамылғысының функционалдық маңыздылығы; Арал маңы эндемиктерінің ареалдары (төмпешік жапақ, Арал жусаны) карталары. Қалыпты дәрежеде шөлдену кері әсерлерге кедергі болатыны және өсімдікжабынның шөлденуі кезіндегі орнықтылығына себеп болатыны анықталды.

«Қазақстанның оңтүстігіндегі пісте сирек ормандарының кеңістіктік таралуы және оларды қалпына келтіру» (2015-2017 жж.): Қырғыз Алатауының батыс бөлігіндегі және Сырдария Қаратауындағы 408 га жердің пісте популяциялары зерттелді. Пістенің ең бағалы 36 формасының мәліметтер базасы жасалды. Оңтүстік Қазақстан облысында пістенің 3 тәлімбағы салынды (Сайрам – Өгем МҰТП РМК). Қазақстанда алғаш рет

«Сарыагаш Жер Сиы» фермерлік ЖШС-де тұқым-дары Түркменстаннан, Тәжікстаннан, Ираннан әкелінген, жылыжайда өсірілген, 109 особтан тұратын суармалы жас бақ салынды. Пістені өсіру мүмкіндіктерінің картасы құрастырылды. Қазақ-станда пісте өсіру бойынша ұсыныстар даярланды.

«Іле Алатауының шырша ормандарын қал-пына келтіру» (2015-2017 жж.):

Іле Алатауының шырша ормандары ішінде Шренк шыршасын егу мен отырғызу агротехникасы құрастырылды, ол 1-2 ай ішінде тұқымдарды «сұйық флотациялау» және стратификациялау (немесе «қарлау») әдістерінен тұрады. Сосын тұқымдарды солтүстік экспозициядағы жартылай көлеңкелі горизонтал алаңшаға егеді, ағаш жоңқаларымен көмеді. Шыршалардың көшеттерін «шурфтарға» отырғызу ұсынылады. Биік тауларда отырғызылған көшеттердің сақталуы 35%, тұқым екпелерінің сақталуы – 17%-ға дейін, деген меншыршаны егудің көшеттерді отырғызғанға қарағанда жұмысы да шығына да аз.

Ерейментау (2013) мен Шелек дәлізіндегі (2014) Жел энергетикасы нысандарының өсім-

дікжабынға әсерін бағалау бойынша келісім-шарттық жобаларды орындау: желпарктерін құру

жағдайында табиғи ортаның айтарлықтай трансформациясы болмайтыны анықталды, экожүйе-лердің бұзылуы нүктелі түрде ғана болады. Өсімдіктер әлеміне кері антропогендік әсерлерді төмендетуге және флора мен өсімдікжабынға мониторинг жүргізуге арналған ұсыныстар даяр-ланды.

5 жыл ішінде саны 140-дан аса мақалалар шықты (14 – Қазақстанның рейтингтік жорналдарында, 6-халықаралық импакт-факторы бар басылымдарда, 110 – халықаралық конференциялар материалдарында), сонымен қатар:

«Қазақстанның мұнайгаз өндіру аймақтарын-дағы шөл өсімдікжабынының трансформациясы және оны оңалту мүмкіндіктері» ұжымдық монографиясы (2014) жарыққа шықты, шыға-рылған монография бөлімдері: «Батыс Тянь-Шан-дағы мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарын кешенді зерттеу (2014), «Novel Measurement and Assessment Tools for Monitoring and Management of Land and Water Resources in Agricultural Lands-capes of Central Asia» (Springer, 2014), «Climate Change Impacts on High-Altitude Ecosystems» (Springer, 2015) және «Қазақстанның Қызыл кітабын» жазуға қатысу (2014).

Қазақстанда, Түркменстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Арменияда, Грузияда, Қытай-да, Грекияда, Чехияда және Түркияда өткен ха-лықаралық конференцияларда баяндамалар жасалды.

Инвентаризациялық типтегі карталар құрастырылды: 2 ірімасштабты геоботаникалық карталар («Ақшабулақ» кенорнының мұнай өндіру белдемінің, «Теріскент» стационары мен Солтүстік Аралмаңындағы және оған іргелес территориялардың карталары), 2 ортамасштабты экожүйелер карталары (Жайық өзені атырауының литорал экотоны және оған іргелес территория-лардың, Сырдария өзені атырауының Рамсар алқаптарының карталары) және 20-дан аса бағалау, ұсыныстар типіндегі, солардың ішінде мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының ареалдары, тұқым жинау нүктелері, арнаулы ботаникалық территориялар, сирек түрлер және қауымдастықтар т.б. карталар.

Құрастырылған ұсыныстар: Мұнай өндіру белдеміндегі «Ақшабұлақ» кенорнының өсім-дік жамылғысын қалпына келтіру бойынша; Іле Алатауының шырша ормандарын қалпына келтіру бойынша; Қазақстанда пісте өсіру бойынша; Солтүстік Арал маңында табиғатты нормалап пайдалану және оның орнықты қызметі бойынша; Солтүстік-Шығыс Каспийдің литорал экотонын сақтау және ботаникалық алуандығын қалпына келтіру бойынша.

Даму перспективалары:

●    ДЗЗ мен ГАЖ технологияларын пайдалану арқылы тақырыптық картографиялау.

●    Шөлдену үрдістері мен климаттың ғаламдық жылынуының өсімдік жамылғысына әсерін бағалау.

●    Дәстүрлі танымдар негізінде этнобота-никалық зерттеулер жүргізу.

●    Жайылымдарды, урбандалған территорияларды, ЕҚТТ-ды бағалау және орнықты басқару үшін экожүйелік зерттеулер жүргізу.

●    Мәліметтер базасын (МБ) құру және жыл сайын толықтырып отыру, Орталық Азия аймағының МБ бірігу.

●    BIODESERT ғаламдық мониторинг жүйе-сіне енгізу үшін жаға әдістерді игеру.

●          Биоалуандықты сақтау және табиғатты тиімді пайдалану үшін экожүйелердің функциялық қызметінің маңыздылығын ақпараттық мәліметтер базасын жасау мен экожүйелік қызметті идентификациялауды картографиялық негізде құрастыру арқылы бағалау.