1946 жылға дейін Бас ботаникалық бақ (БББ) КСРО Ғылым Академиясы ботаника институтының Қазақстандық филиалының құрамында болды, ал 1946 ж. көктемінен бастап дербес Қазақ КСР-ы Ғылым Академиясы ғылыми зерттеу мекемесі қатары жұмысын бастады.
1994 ж. Ботаника институты мен БББ қосылуымен Гүл өсіру шаруашылығы бөлімі Дендрология бөлімінің құрамына қосылып «Өсімдіктер интродукциясы» бөлімі аталды. Қайта құру кезінде көптеген қызметкерлер бақтан кетіп қалуына байланысты, коллекциялар кураторсыз қалды, бұл гүлді өсімдіктердің коллекция қорының жағдайына және сақталуына кері әсерін тигізді. Қызметкерлер санының азаю салдарынан 2011 ж. Ашық жердегі гүлді – сәндік өсімдіктер зертханасы Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасы құрамына қосылды. 2015 ж. Ашық жердегі гүлді – сәндік өсімдіктер зертханасы дербес бөлімше қатары бөлініп шықты.
Зертхана ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан табиғи флорасы өсімдіктерінің, әсіресе сирек кездесетін және эндемдік түрлердің биологиясын зерттеу және интродукцияның теориялық мәселелерін дамыту;
- интродуценттер коллекциясын сақтау және дамыту;
- өсімдіктерді көбейтудің тиімді әдістерін жетілдіру;
- көгалдандыру және коммерциализацияда пайдалану үшін перспективті түрлер мен сұрыптарды таңдау;
Гүлді - сәндік өсімдіктерді интродукциялау зертханасы құрылғаннан бастап негізгі міндеттердің бірі жабайы флорадан алып келген гүлді өсімдіктер өсіру шаруашылығында белгілі көп жылдық өсімдіктермен бірге гүлді өсімдіктерді өсіру және жерсіндіру болды. Қазақстан флорасынан жабайы сәндік гүлді өсімдіктерді өсіріп сынақтан өткізу бөлім құрылған уақыттан бастап жүргізіліп келеді. Көп жылдық жабайы шөптесін өсімдіктерді тарту және оларды сынақтан өткізу жұмыстары қазір де жүргізілуде. Ботаника институты мен БББ қосылған соң (1996-2016 ж.) Альпинарий экспозициясы - бірінші кезекте өте сәнді сирек кездесетін және эндемдік түрлердің ерекше табиғи флора өсімдіктерінің коллекциясы құрылды. Бүгінгі күнде коллекцияда шөптесін өсімдіктердің екі жүзден артық түрі бар. Соның ішінде 36 түр Қазақстан флорасындағы сирек кездесетін және эндемдік түрлер.
2013-2016 ж. зертхана қызметкерлері:
- Қазақстанның табиғи флорасынан жерсіндірілген өте сәнді және сирек кездесетін түрлердің адаптациялық ерекшеліктерін, оларды көбейтіп өсіру арқылы зерттеу;
- коллекциялық қордағы түрлік және сұрыптық әр түрлілікті сақтау;
- басқа аудандардан тартылған коммерциялық бағалы жаңа түрлердің ішкі түрлері мен формаларының ассортиментін өсіріп сынау жұмыстары жүргізілді.
Институттың бас директоры Г.Т. Ситпаеваның инициативасы бойынша «Тянь-Шань флорасы. Орталық Азия жолы» атты халықаралық бағдарлама бойынша Кореяның қаржыландыруымен БББ-та 2016 ж. Қазақстанның табиғи флорасынан сирек кездесетін және эндемді түрлерді интродукциялық сынақтан өткізу үшін арнайы жер бөлінді.
Зерттеу нәтижелері:
2012-2017 ж. аралығында зертхана қызметкерлері 3 гранттық жобаны орындады:
- «Шу – Іле таулары (Тянь-Шанның солтүстігі) өсімдіктерінің генетикалық қорын сақтауды қамтамсасыз ету үшін, оладың сирек кездесетін және эндемді түрлері популяцияның құрылымдық заңдылықтарын анықтау» (2012-2014 ж.). Жобаны орындау барысында аймақтың сирек кездесетін түрлері популяциясының өсу орны, саны, қазіргі жағдайы, сирек кездесетін эндемді түрлерін сақтау бойынша ұсыныстар жасау үшін олардың онтогенездік ерекшеліктері туралы мәліметтер жиналды. «Іле Алатауының (Іле – Алатау табиғи паркі аумағында) негізгі өсімдіктер қауымдастығына қалпына келтіру жұмыстарының әсері» (2012-2014 ж.). Жобаны орындау барысында Іле – Алатау табиғи паркі аумағындағы өсімдіктер қауымдастығына негізгі антропогендік факторлардың әсері анықталды. Оның өсімдіктер жамылғысының бұзылу деңгейіне алдын ала баға берілді, сондай-ақ флора құрамы және индикаторлық түрлер анықталды.
«Солтүстік Тянь-Шанның өсімдіктерінің сирек кездесетін эндемді, пайдалы түрлері популяциясының құрылымы және саны, олардың табиғатты тиімді пайдалану критериі қатары антропогендік факторлардың әсерінен өзгеруі» (2015-2017 ж.). Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шу – Іле, Іле және Күнгей таулары сирек кездесетін эндемді түрлері популяциясының өсу орнындағы өсімдіктер жамылғысының бұзылуының әр түрлі деңгейі анықталды және сипаттама жасалды. Атап айтқанда қауымдастық флора құрамы және сирек кездесетін эндемді түрлері популяциясының әр түрлі тіршілік формалары саны, жас құрамына сараптама жасалып, сипатталды.
Соңғы жылдардағы монографиялар республикалық және халықаралық кітап жәрмеңкесінде жоғары бағалар алды.
Монографиялар:
Кокорева И.И., Отрадных И.Г., Съедина И.А., Лысенко В.В. Редкие виды растений Северного Тянь-Шаня (популяции, морфология, онтогенез, возобновление). - Алматы, 2013. - 208 с.
Кокорева И.И., Отрадных И.Г., Съедина И.А. Растения Северного Тянь-Шаня. Деревья, кустарники, лианы. - Алматы, 2014. - 280 с.
Кокорева И.И., Отрадных И.Г., Съедина И.А. Высокогорные жимолости Северного Тянь-Шаня. - Алматы, 2016. - 96 с.
Отрадных И.Г., Съедина И.А., Малыбеков А.Б. Растения Государственного национального парка «Көлсай Колдері» - Саты: Асыл Кітап, 2015. - 196 с.
Уварова Е.И. Методическая рекомендация по размножению и выращиванию Astilbe Buch.-Ham. в условиях юго-востока Казахстана. Алматы, 2014. - 24 с.