12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні!

12 апреля 2024,

Ботаника және фитоинтродукция институты 1932 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ботаникалық зерттеулер бойынша Қазақстанның жетекші ғылыми орталығы болып табылады. Толығырақ…

Институттың ғылыми ұжымы биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау, Қазақстанның флорасын, оның ішінде экономикалық құнды, сирек кездесетін және бөтен өсімдіктер түрлерін көбейту және пайдалану бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.

Институтта 9 ғылыми зертхана, Бас Ботаникалық бақ (103,6 га) және оның филиалдары: Жезқазған (62,05 га), Іле (52,75 га), сондай-ақ 2018 жылы құрылған Астана (46,3 га) Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі бар ботаникалық бақтар.

Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми ұжымында 146 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 59 жас ғалымдар: 8 PhD докторы, 34 магистр, сонымен қатар докторантура мен магистратурада оқитын қызметкерлер. 2024 жылдың алғашқы үш айында Жұмаханова Ғ.Б. (ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Саметова Е.С.) және Шадманова Л.Ш. (ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., Ситпаева Г.Т.). кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы дипломдар алды.

Институт пен оның филиалдарының ғылыми қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, одан әрі даму мен өркендеу, мемлекеттік қолдау және маңызды мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыру үшін гранттар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды лайықты қаржыландыруды тілейміз!

 

Жіберілімге жазылыңыз