2026 жылғы 15–16 қаңтарда Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтында (Үрімші қ., ҚХР) Қытай, Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумақтарын қамтитын трансшекаралық Алтай өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау және орнықты даму мәселелеріне арналған халықаралық академиялық семинар өтті. Толығырақ...
Семинарға Ботаника және фитоинтродукция институттың өсімдіктер әлемі кадастры зертханасының меңгерушісі, PhD Осмонали Б.Б. таныстырды. Ол «Endemism of the family Chenopodiaceae (Amaranthaceae s.l.) in the flora of Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ семинар жұмысына PhD, Алтай ботаникалық бағының бас директоры Сумбембаев А.А. қатысып, «Conservation of Rare Plant Species of Kazakhstan Altai» тақырыбында баяндама ұсынды.
Семинар барысында Алтай таулы жүйесінің флорасы мен биоалуантүрлілігін зерттеудің қазіргі жай-күйіне, Қытай, Қазақстан, Ресей және Моңғолия Алтайындағы сирек, эндемик және реликт өсімдік түрлерін қорғау мәселелеріне, сондай-ақ табиғатты қорғау қызметінде таксономиялық, функционалдық және басқарушылық тәсілдерді үйлестіру мәселелеріне арналған жетекші мамандардың баяндамалары ұсынылып, талқыланды. Пікірталастың жеке бір бөлігі деректердегі бар олқылықтарды, соның ішінде түрлердің таралуы, популяциялардың жағдайы, ұлттық дерекқорлардың салыстырмалылығы, гербарий және далалық материалдардың қолжетімділігі мәселелерін талдауға арналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Қытай, Қазақстан, Ресей және Моңғолияның зерттеу топтары арасында біртұтас ғылыми ынтымақтастық құрылымын қалыптастыру, 2026 жылы Алтай өңірінің негізгі аумақтарында бірлескен далалық экспедициялар бағдарламасын әзірлеу, биоалуантүрлілікті трансшекаралық талдау үшін гербарийлік, далалық және ГИС-деректерді біріктіру тәсілдерін дамыту, ұзақ мерзімді мониторинг пен табиғатты қорғау жоспарлау үшін басым таксондар мен аумақтарды айқындау, биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық бағдарламаларға бағытталған бірлескен ғылыми жарияланымдар, аналитикалық шолулар мен жобалық өтінімдер дайындау, сондай-ақ Алтай өңірі аясында институтаралық өзара іс-қимылды нығайту және ұзақ мерзімді ғылыми серіктестікті дамыту туралы келісімге келді.
Өткізілген семинар трансшекаралық ғылыми диалогты дамытудың маңызды кезеңіне айналып, орнықты даму мақсаттары аясында Алтай макроөңірінің биоалуантүрлілігін зерттеу мен сақтауға бағытталған жүйелі және үйлестірілген тәсілдің негізін қалады.
