23 наурыз — «Гербарий қалай жасауға болады» шеберлік сабағы

16 марта 2026,

Өзіңізді нағыз ғалым-ботаник ретінде сезінгіңіз келе ме? Онда 23 наурыз күні сағат 11:00-де Алматыдағы Бас Ботаникалық бақта өтетін «Гербарий қалай жасауға болады» атты шеберлік сабағына келіңіз. Бұл кездесу ботаника ғылымының ең қызықты бағыттарының бірі — гербарий жасау ісіне арналады. Толығырақ...

Шеберлік сабағына қатысушылар Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкері Алина Уразалина жетекшілігімен өздерінің кәсіби гербарийін жасап, оны өздерімен бірге алып кете алады. Кездесу барысында ғылыми гербарийлер не үшін және қалай жасалатынын, алғашқы гербарийлер қандай болғанын, әлемдік гербарийлерді цифрландыру не үшін қажет екенін, сондай-ақ гербарий үлгілерінің еріктілер жүргізген бақылауларды растаудағы маңызын білесіздер.

Күні мен уақыты: 23 наурыз, сағат 11:00
Бағасы: ересектерге — 4557,14 тг, балаларға — 4091,07 тг (кіру билетімен бірге)
Өтетін орны: Атакент жағындағы батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев көшесі 36д, 3-корпус)
Алдын ала тіркелу міндетті: +7 708 970 58 66
Қатысушылардың жасы: 7+

Жіберілімге жазылыңыз