Алматыда 26-29 сәуір аралығында City Nature Challenge өтеді

15 апреля 2024,

Достар, 26-29 сәуірде өтетін табиғат сүйер қауымға арналған City Nature Challenge жаһандық шарасына қатысуға шақырамыз. Бұл үшін не керек?  Толығырақ…

26-29 сәуір аралығында Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі жабайы жануарларды, өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды суретке түсіріп, 5 мамырға дейін бұл фотосуреттерді iNaturalist платформасында орналастыру қажет.

Бұл шараға әлемнің 500-ден астам қаласы қатысады! Алматы ресми түрде City Nature Challenge-ге алғаш рет қосылды және сіздердің көмектеріңізбен біздің қаланың тамаша нәтиже көрсетуге толық мүмкіндігі бар. Алматыдағы City Nature Challenge-дің негізгі ұйымдастырушылары – Ботаника және фитоинтродукция институты, Зоология институты және табиғатты қорғау биологиясының ашық зертханасы. Науқанға және iNaturalist платформасында фотобақылауларға қатысу арқылы сіз ғалымдарға жалпы және қорғауды қажет ететін, жойылып кету қаупі бар түрлердің таралуы туралы ғылым мен табиғатты қорғау үшін маңызды ақпаратты жинауға көмектесесіз.

2023 жылы iNaturalist платформасында жарияланған фотобақылаулардың өсуі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 2022 жылмен салыстырғанда 20-орынға көтерілді. Олардың саны 3 есеге өсті. Натуралистік қозғалыстың белсенді дамып келе жатқаны бізді қуантады.

Науқан және iNaturalist платформасы туралы қосымша ақпаратты QR кодын пайдаланып біле аласыз.

Жіберілімге жазылыңыз