31 шілде - Дүниежүзілік рейнджер күні немесе Саябақ рейнджер күні. Бұл мереке табиғат қорғаушылардың биологиялық әртүрлілікті сақтауға қосқан үлесін атап өту мақсатында белгіленді. Толығырақ…
Бас Ботаникалық бақ базасындағы Ботаника және фитоинтродукция институты мен «Шеврон» компаниясының бірлескен жобаларының арқасында Алматыда жасыл рейнджерлердің пайда болуына тікелей қатысымыз бар екеніне қуаныштымыз. 2023 жылы 12 еріктіге арналған «Жасыл Рейнджер» білім беру жобасы барлығына арналған «Жасыл Рейнджер Клубына» айналды.
«Жасыл Рейнджер Клубы» - бұл қалалық көгалдандыру, табиғатты қорғау, тұрақты өмір сүру, қала экологиясы және азаматтық ғылым тақырыптарына қызығушылық танытатын адамдар қауымдастығы. Клуб отырыстары әр сенбі сайын сағат 11:00-де ботаникалық бақтың батыс кіреберіс павильонында өтеді (Тимирязев к-сі, 36д, к.3). Клуб отырыстары аясында рейджерлер жаңа білім мен байланыстар алуға, қызықты жобалар жасауға және олар бойынша кеңестер алуға, пікірлестермен және биологтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Сіздердің әрқайсысыңыз осы жобаның бір бөлігі болып, экология, қала ландшафтарын дамыту және көгалдандыруға қатысты жалпықалалық мәселелерді шешуге үлес қоса аласыздар.
«Жасыл Рейнджер Клубының» барлық мүшелерін мерекелерімен құттықтаймыз! Сізге сәттілік, жаңа ашылымдар, маңызды істеріңізді жалғастыруда күш пен қуат тілейміз. Сіздің үлгіңіз басқаларды табиғатқа қамқор болуға шабыттандырсын!
«Жасыл Рейнджер Клубы» «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Tabigat Labs жобасының бөлігі болып табылады. Жобаға қатысушылар: Бас Ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты), Urban Forum Kazakhstan, Fading TSE, Impact Hub Almaty.