3 сәуірде «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК және «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың орталығы» КЕАҚ ұйымдастыруымен Бас Ботаникалық бақта ағаш отырғызу шарасы өтті. Толығырақ...
Көгалдандыру PowerTech Expo 2025 энергетика және электротехника халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында жүзеге асырылды. Шара барысында Бас Ботаникалық бақтың оңтүстік партерінде Орталық Азия өңірінің тұрақты даму мен экожүйелерді қалпына келтіруге ұмтылысын білдіретін 30 Cercis canadensis тұқымды ағаш отырғызылды.
Отырғызу материалы Ботаника және фитоинтродукция институтының интродукциялық питомнигінде өсірілгенін айта кеткен жөн. Тұқым 2019 жылы Бас Ботаникалық бақ аумағында 1960 жылы отырғызылған Cercis canadensis тұқымынан жиналды. 2020 жылы көшеттер трансплантацияланды, ал 2025 жылы олар генеративті жасқа жетті. Отырғызу материалы барлық стандарттарға сәйкес келеді және отырғызу кезінде 3 метр биіктікке жетті. Осылайша, институттың өсімдіктерді интродукциялау бойынша көп жылдық жұмысы өз нәтижесін беруде.
Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Тоқбергенқызы Ситпаева өзінің құттықтау сөзінде биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға сәйкес дүние жүзінде әр аймақта биоәртүрлілікті сақтау орталықтары құрылып жатқанын еске салды: «Қазақстандағы бұл миссияны ботаникалық бақтар, ең алдымен Алматыдағы Бас Ботаникалық бақ жүзеге асырады.Сондықтан, өткен ағаш отырғызу науқаны және жалпы біздің барлық іс-шаралар біздің тұрақты дамуға дайын екенімізді және осы мақсатқа жету үшін барлық шараларды жасап жатқанымызды көрсетеді».