Бас Ботаникалық бақ бесінші жыл қатарынан классикалық музыка мен табиғатты бағалайтындардың бас қосатын орнына айналды. Мұнда жапырақтардың сыбдыры, кешкі жарық пен жанды орындау бір жерге қосылып, ерекше атмосфера жасайды. Ботаникалық бақтағы музыкалық кештер жай ғана концерт емес, көрермендер ғана емес, өнерпаздардың өздері де асыға күтетін дәстүрге айналды. Толығырақ...
3 маусым күні сағат 18:00-де Бас Ботаникалық бақ сахнасында классикалық сахнаның танымал шеберлері тағы да өнер көрсетеді: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова (скрипка), Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ермек Құрманаев (виолончель), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Александра Наумова (фортепиано) мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Еңкебаева (сопрано).
Концерттік бағдарламаны карусельден тамашалай аласыздар.
Өтетін орны: үйеңкі аллеясындағы сахна. Шараға ботаникалық баққа кіру билеттерімен қатыса аласыз.
Келіңіз және жанды музыка атмосферасына, таза ауаға және жазғы көңіл-күйге бөленіңіз!
Концерт «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.