Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Орталық ботаникалық бағының 90 жылдығы

01 июля 2022,

Биыл біздің Бас ботаникалық бақпен құрдас Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Орталық ботаникалық бағы өзінің 90 жылдығын атап өтуде. Толығырақ…

Осы оқиғаға орай 2022 жылдың 28 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Минск қаласында «Флораның биологиялық әртүрлілігін енгізу, сақтау және пайдалану» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК атынан бас директоры, Қазақстанның ботаникалық бақтары кеңесінің төрағасы Г.Т. Ситпаева, Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағының бас директоры Иманбаева А.А., дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Бабай И.В. қатысты. Ғалымдарымыз баяндамалар жасады, ТМД елдерінің флорасының биологиялық әртүрлілігін енгізу, сақтау және пайдалану бойынша ғылыми тәжірибе алмасты.
Қазір біз де ботаникалық бағымызда 90 жылдығына арналған «Еуразия флорасын зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындалып жатырмыз. Конференция қыркүйек айында өтеді және оған әлемдік ботаникалық қауымдастықтың өкілдері қатысады.
Бас Ботаникалық бақ ұжымын және беларусь әріптестерімізді мерейтойымен құттықтаймыз. Ғылыми еңбектеріңізге табыс, өркендеу және алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізді тілейміз!

 

Жіберілімге жазылыңыз