Араларға арналған ұялар жасау бойынша акция

01 июля 2026,

Бас Ботаникалық бақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді. Толығырақ...

Біз экологиялық ағартумен айналысамыз, биоалуантүрлілікті сақтаймыз, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асырамыз, сондай-ақ еріктілерді табиғатты қорғау бастамаларына тартамыз. Экскурсиялар, шеберлік сабақтары, экологиялық акциялар мен білім беру бағдарламалары арқылы біз табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеміз.

Бұл қызмет «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасының мақсаттары мен құндылықтарына толық сәйкес келеді.

Осындай жұмыстың жарқын мысалдарының бірі – Recycle Birge ұйымымен бірлескен ынтымақтастығымыз. Бірлескен экологиялық акция аясында табиғатқа бейжай қарамайтын қала тұрғындары үшін жабайы араларға арналған ұялар жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Шеберлік сабаққа қатысушылар аралардың өсімдіктерді тозаңдандырудағы және биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызды рөлі туралы білді, сондай-ақ осы пайдалы жәндіктерге арналған арнайы ұяларды жасауды үйренді. Алған білімдерін олар алдағы уақытта қолданып, араларға қауіпсіз паналау орындарын жасап, олардың санын сақтауға өз үлестерін қоса алады.

Recycle Birge ұйымына және шеберлік сабаққа қатысқан барлық қатысушыларға белсенділіктері мен табиғатқа жанашырлық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз.

               

Жіберілімге жазылыңыз