«КНК Кемикал» ЖШС компаниясына алғыс

05 ноября 2025,

Суық түсе бастаған кезде барлық бейжай қарамайтын азаматтарды толғандыратын басты сұрақ – жылыжайдың реконструкциясы қалай жүріп жатыр? Толығырақ...

Өкінішке қарай, реконструкциялау жұмыстары әлі де толық аяқталған жоқ. Коллекцияның барлығы, ең ірі өсімдік үлгілерінен басқа, қысты жабық жылыжайларда өткізуде. Ал топыраққа егілген ірі өсімдіктер мамандардың бақылауында қалып отыр.

Қыс маусымы басталар алдында тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді төмен температурадан сақтау және қорғау бойынша маңызды мәселені шешу қажет болды. Бұл мәселенің шешімі «КНК Кемикал» ЖШС компаниясының демеушілік қолдауының арқасында мүмкін болды. Компания жылыжай үшін жалпы көлемі 2400 шаршы метр полиэтилен қабықшасын ұсынды. Бұл қабықша өсімдіктерді екі қабаттап жабу үшін пайдаланылып, олардың қыс мезгілінде сақталуына мүмкіндік береді.

Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының қызметкерлері температуралық режим мен өсімдіктердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.

Ботаника және фитоинтродукция институты «КНК Кемикал» ЖШС компаниясына көрсеткен көмегі мен екінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқан ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Жіберілімге жазылыңыз