Бас Ботаникалық бақта көктемгі Наурыз мейрамы шығармашылыққа байланысты ботаникалық шеберлік сабақтар сериясымен аталып өтті. Толығырақ…
Өйткені, көктемде бәрі шабыттанып, қиялдауға, жаңа нәрсені жасауды және үйренгісі келеді. Шеберлік сабақтарына қатысушылар ағаш кесіндеріне сурет салып, дәнді дақылдардан суреттер және киізден мамыргүл бұтақтарын жасады, түрлі-түсті креп қағазынан көкнәр қиып, кофе дәндерінен кірпі жасады.
Әрбір сабақтың алдында дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Набиева Светлана Вячеславовна дәрістер оқыды, тыңдаушылар ботаникалық бақтың тарихы, оның жинақтық қоры, ботаниктердің жұмысы және шеберлік сабақтарының тақырыптары бойынша қызықты деректермен танысты. Мысалы, сіз әр ағаштың өзінің ерекше кесіндісі барын екенін және олар түсі, тығыздығы бойынша ерекшеленетін сондай-ақ ағаштың өмірлік тарихын көре алатынын білесіз бе? Немесе ботаникалық бақтағы Сирингарий алқабында мамыргүлдердің 16 түрі, 107 сорты, «Шөптер мен гүлдер бағы» учаскесінде көкнәрдің 2 түрі, 7 сорты өсетінін білесіз бе?
Сондай-ақ 22 наурызда «Ботаникалық бақтағы наурызгүлдер» суреті бойынша шеберлік сабағы өтті. Кәсіби суретшілер мен сурет студиясының ұстаздары шеберлік сабақта қатысушыларды акварельмен бояу технологиясымен таныстырды. Ботаникалық бақтың нағыз тірі көктемгі гүлдері суреттің негізі болды. Әрбір суретшінің дайындық деңгейіне қарамастан, өзіндік ерекше сурет болып шықты.