Ботсад серіктестер іздейді

13 октября 2022,

Бас Ботаникалық бақ аумағында келушілерге фото және бейне қызметтерін көрсету бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу үшін серіктестер іздейді. Толығырақ…

Әлеуетті серіктеске қойылатын талаптар: фотосуреттерді лезде өңдеуге және басып шығаруға арналған құрылғылармен жабдықталған фотокиосктың, түсіруге арналған жабдықтың, кемінде 4 адамнан тұратын тұрақты кәсіби фотографтардың штаты және әкімші болуы. Фотокиосктің жұмыс уақыты: күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін, жұмыс және демалыс күндерін қоса.

Бірлескен қызметтің мүмкіндіктері мен шарттарын сипаттайтын коммерциялық ұсыныстар тек заңды тұлғалардан botanyphyto@mail.ru электрондық поштасына ресми бланкіде жазбаша түрде қабылданады.

Жіберілімге жазылыңыз