Ботаникалық бақтың жұмыс күндері

12 апреля 2022,

Көктем – «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК ғылыми қызметкерлері үшін ыстық мезгіл. Қазір өз үстелінде жұмыс істейтін адамдарды сирек кездестіресін, көбісі жеке аймақтарда жұмыс істейді. Табиғат күтпейді, көп нәрсе істеу керек! Бүгін біз зертхана қызметкерлерінің өміріндегі бір күнді көрсетеміз. Карусельді айналдырып, сипаттаманы оқыңыз. Толығырақ… 

1. Ашық жердегі гүлді – сәндік өсімдіктерді интродукциялау зертханасы қызметкерлерінің гүлді-сәндік өсімдіктер мен Альпинарий экспозициясының учаскесіндегі биометриялық көрсеткіштерді өлшеуі.

2. Өсімдік ресурстары зертханасының қызметкерлері дәрілік өсімдіктер алаңының жаңа бөлігін әзірлеуде.  Лаванда, шалфей, саттура көшеттерін отырғызу.

3. Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының қызметкерлері 90 жастағы стрелицияны қайта отрығызу.

4. Жоғары сатылы өсімдіктер флорасы зертханасының қызметкерлері Мойынқұм өңіріндегі экспедициядан фотосурет жіберді.

5. Дендрология зертхана қызметкерлерінің экспозициялық алаңдардағы питомниктен көшеттер отырғызу.

6. Тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау зертханасы мемлекеттік университетінің магистранттарына, докторанттарына және студенттеріне Тұқым банкіне экскурсия жүргізеді.

7. Академик А.Д. Джангалиев атындағы жеміс өсімдіктерінің генофондын қорғау және интродукциялау зертханасының қызметкерлері жинайтын жерге алма көшеттерін отырғызуда.

8. Микология және альгология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Нам Галина Алексеевна қалпақ саңырауқұлақтарын анықтаумен айналысуда.

9. Геоботаника зертханасының қызметкерлері халықаралық Asian grassland conference онлайн-конференцияға дайындалуда.

 

 

Жіберілімге жазылыңыз