Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Г. Тұрғамбаевтың бастамасымен өткен «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» республикалық челленджге ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК қатысуда. Бұл бастама қоғамның назарын әр адамның табиғатты қорғауға жеке қатысуының маңыздылығына аударуға бағытталған. Толығырақ...
Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері өсімдіктер әлемін, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі миссиясын жалғастыра отырып, осы маңызды экологиялық мәселені қолдайды. Қазақстан ратификациялаған биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға және өсімдіктерді сақтаудың жаһандық стратегиясына сәйкес біздің институттың зерттеулерінің басым бағыттары: Қазақстанның ботаникалық әртүрлілігінің қазіргі жай-күйіне мониторинг жүргізу, өсімдіктерді енгізудің экологиялық негіздерін әзірлеу, in-situ және ex-situ өсімдіктердің сирек және эндемикалық түрлерінің генофондын сақтауды және тиімді орнықты пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстанның өсімдік ресурстарын ұтымды пайдалану.
Көптеген жылдар бойы біз Қазақстанның табиғи байлығының ажырамас бөлігі болып табылатын өсімдіктер мен экожүйелердің бірегей түрлерін сақтаумен айналысып келеміз. Біздің институттың құрамына кіретін Бас Ботаникалық бақтың коллекциялық қоры жер шарының әртүрлі аймақтарынан отандық және әлемдік флораны білдіретін 4000-нан астам жоғары өсімдік таксондарын қамтиды. Әлемдік және табиғи флораның дәрілік өсімдіктерінің коллекциясы, жабайы жеміс өсімдіктерінің гендік қоры, гүлді-сәндік өсімдіктердің коллекциясы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің коллекциясы генетикалық тұрғыдан құнды. 2013 жылы Қазақстанның табиғи флорасы тұқымдарының банкі құрылды, онда 5773 тұқым үлгісі сақталады.
Біздің Институт 5 мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға қатысады, сондай-ақ гранттық жобаларды орындайды. Биыл біз өсімдіктерді қорғау жөніндегі Жаһандық серіктестіктің (Global Partnership for Plant Conservation, GPPC) — әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші ботаникалық бақтарды, ғылыми мекемелерді, табиғатты қорғау ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдарды біріктіретін халықаралық коалицияның толыққанды қатысушылары болдық. Институт қызметкерлері экскурсиялар, шеберлік сабақтар, балалар мен ересектерге арналған дәрістер өткізілетін ғылыми-ағартушылық қызметке көп көңіл бөледі.
Күнделікті қызметімізбен біз «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челледжін қолдаймыз және барлығын қатысуға шақырамыз. Қоршаған ортаны қорғау және сақтау – әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі екенін түсіну маңызды. Күнделікті әдеттерден кәсіби қызметке дейін кез-келген үлес маңызды. Күш біріктіру арқылы ғана біз елдің табиғи байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтай аламыз.