Бас Ботаникалық бақ — тек серуендеуге арналған орын ғана емес, сонымен қатар Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми алаңы. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өсімдіктердің бірегей ботаникалық коллекциясы қалыптастырылып, сақталады. Толығырақ...
Бақ коллекциясында орман ағаштарының белгілі 47 таксоны ұсынылған. Олардың әрқайсысы өсімдіктерді зерттеу, сақтау және өңіріміздің табиғи жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан маңызды.
Мұнда кездейсоқ өсімдіктер болмайды. Әрбір түр белгілі бір кезеңдерден өтеді: алдымен өңіріміздің климаттық жағдайларына бейімделу әлеуеті ескеріле отырып таңдалады, содан кейін әкелінеді немесе тұқымнан өсіріледі, тәлімбақта жетілдіріліп, өсуі мен дамуы тұрақты бақылауда болады.
Тұқым өне бастаған сәттен бастап дендролог мамандар фенологиялық бақылаулар жүргізіп, өсімдіктің Алматы жағдайларына қалай бейімделетінін бағалайды. Атап айтқанда, оның қысқа төзімділігі, ыстық пен құрғақшылыққа төзімділігі, сәндік қасиеттері, өсу пішінінің сақталуы және басқа да ерекшеліктері зерттеледі.
Өсімдік коллекция құрамына енбес бұрын өсіру және бейімдеу кезеңдерінен өтеді: алдымен жылыжайдан тәлімбаққа көшіріліп, мамандардың бақылауымен өсуін жалғастырады. Ал сынақтардан сәтті өткеннен кейін ғана бақ экспозициясындағы тұрақты орнына отырғызылады.
Кейде өсімдікті өсіріп, оның өңір жағдайларына бейімделу әлеуетін бағалау үшін бірнеше жыл қажет болады.
Мұның барлығы — өсімдіктер коллекцияларының сақталуына, дамуына және жаңа түрлермен толықтырылуына мүмкіндік беретін ғалымдардың күнделікті еңбегі.
Осындай тынымсыз еңбекке, терең білім мен өз ісіне деген адалдыққа арналған кәсіби мереке — Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні.
Осы салада еңбек етіп жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, болашағы зор жаңа өсімдік түрлерін өсіруде сәттілік және мол нәтижелер тілейміз!