Ботаника және фито жерсіндіру институтының (Бас ботаникалық бақ) директоры Ситпаева Гүлнәр Еуразиялық шығармашылық одақпен берілетін «Еуразиялық сыйлық - 2017» алтын лауреаты атанды. Отандасымызды «Ғылым» номинациясында үздік деп тапқан. Салтанатты марапаттау шарасы Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығында өтті.
Сыйлықты жеңімпаздарға Еуразиялық шығармашылық одақтың Президенті - Сәрсенова Карина Рашитқызы табыс етті.
Еуразия – Жердің ең үлкен материгі, онда планетамыздағы тұрғындардың төрттен үш бөлігі өмір сүреді. Ол өзінің сан алуандығымен қазіргі заманғы өркениеттің бесігі іспеттес және ғасырлар бойы сыналып келген ерекше мәдени құндылықтар мен даналық дәстүрлердің сарқылмас қазынасы болып табылады. Еуразиялық сыйлық әлемдік континенттер ішіндегі ең ғұламасының өз бойына мәдени және зияткерлік байлықты жинаған бірегей жинақталған жазықтық құруға арналған және Еуразияның жақсы жақтарын – ғасырлардан келе жатқан дәстүр көпқырлылығы және мәдениеттердің өзара баюынан туындайтын қазіргі заманғы жетістіктердің бірегейлігін көрсететін сыйлық.
«Еуразия сыйлығы» 2013-ші жылы құрылған жәнеде музыка, әдебиет, кинематография, өнер және ғылым саласындағы жетістіктер үшін тағайындалып, марапатталады. Лауреаттарға алтын және күміс медальдар мен естелік статуэткалар беріледі.
Гүлнәр Ситпаевамен қатар премияны театр және кино актеры Асанәлі Әшімов, композитор Арман Дүйсенов, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, «АРИиШОК» театрының жетекшісі Галина Пьянова, әртіс Кәрім Мутурғанов алды.