5 наурызда халықаралық ынтымақтастық аясында Бас Ботаникалық бақты биоалуантүрлілікті сақтау саласында білім беру жобаларын жүзеге асыратын неміс ұйымы IBN-нің өкілдері аралады. Толығырақ...
Делегация құрамында Орталық Азия елдері мен Әзірбайжаннан келген қонақтар болды. Оларға ботаникалық баққа экскурсия ұйымдастырылып, Тұқым банкi мен Гербарий қорын көру мүмкіндігі берілді. Экскурсия қатысушылары коллекциялар құру принциптері, тұқым материалын сақтау әдістері және институт қызметкерлері жүргізетін ғылыми зерттеулер туралы мәлімет алды.
Кездесу тәжірибе алмасу және экологиялық білім беру мен биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау алаңы болды.