2023 жылғы 19-25 қараша аралығында Астана қаласы ботаникалық бағының қызметкерлерімен бірге Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлерінің Маңғышлақ ботаникалық бағының BR21882166 "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Батыс, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның табиғи флорасының жеміс-жидек өсімдіктерін молықтыру, сақтау, пайдаланудың ғылыми-практикалық негіздері" (жетекшісі Иманбаева А.А.) бағдарламасы бойынша "Бурабай" және "Көкшетау" МҰТП-ға экспедициялық сапары өтті. Мұнда Солтүстік Қазақстандағы жеміс-жидек өсімдіктерінің қазіргі жағдайына алдын ала баға берілді. Толығырақ…
Экспедицияға А.Д. Жанғалиев атындағы гендік қорды қорғау және жеміс өсімдіктерін енгізу зертханасының меңгерушісі Мұқан Г. және зертхананың ғылыми қызметкері Л. Шадманова қатысты. Бұл зерттеуді жүргізу үшін фитоценоздық және селекциялық-генетикалық әдістер қолданылды. Экспедиция барысында итшомыртты шырғанақ, итмұрын раушан, татар ұшқат және сарғылт қарақаттың тіршілік ету ортасының жағдайларына талдау жасалды. Өсімдіктер қауымдастығына, оның ішінде жеміс өсімдіктеріне де таксономиялық талдау жүргізіліп, шырғанақтың 5 формасы және итмұрынның 2 формасы таңдалды.