Тараз қаласына экспедициялық сапар

04 декабря 2023,

2023 жылғы 20-25 қараша аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Г.Т. Ситпаеваның жетекшілігімен Дендрология зертханасының және Жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының ғылыми қызметкерлерінің Тараз қаласына экспедициялық сапары өтті. Толығырақ…

Сапардың мақсаты - қала әкімдігінің тапсырысы бойынша Тараз қаласының жасыл желектерін түгендеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Біздің қызметкерлерді үлкен тынымсыз жұмыс күтіп тұр. Өткен сапар барысында Жеңіс саябағы зерттеліп, қаланың екі көшесінде модельдік алаңдар салынды. Әр ағаш пен бұтаның тәжінің диаметрін, діңінің айналасын және биіктігін өлшеу жүргізілді, сондай-ақ оларды картаға түсіру үшін екпелердің GPS -кординаттары анықталды.

Жұмыстарды жүргізу үшін қалалық жасыл екпелердің түрлік құрамы мен жай-күйін аурулар мен зиянкестердің болуына анықтау әдістемесі пайдаланылды. Жұмыс аяқталғаннан кейін жасыл желектерге күтім жасау және ұсынылатын ассортимент бойынша ұсыныстар беріледі.

            

Жіберілімге жазылыңыз