Шығыс Қазақстанға экспедиция сапары

23 августа 2023,

10-19 тамыз аралығында Rijk Zwaan Breeding B.V. компаниясымен екіжақты келісімді жүзеге асыру шеңберінде (Нидерланды Корольдігі) Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің Шығыс Қазақстанға экспедициясы өтті. Толығырақ…

Lactuca, Asparagus, Fragaria, Rubus және басқа да тұқымдастардың тұқымдарын жинау мақсаты болған экспедиция бағыты Қазақстан Алтайының көрікті жерлерінен өтті.

Экспедицияға қазақстандық тараптан: бас директор, б.ғ.д.  Г.Т. Ситпаева, Тұқым банкінің меңгерушісі, а.ш.ғ.к. Т.Ш. Мурзатаева, ашық жерге гүлді және сәндік өсімдіктерді интродукциялау зертханасының меңгерушісі Е.Я. Сатеков, геоботаника зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.д.  А.А. Құрмантаев, голландтық тараптан, Rijk Zwaan компаниясының қызметкерлері – Managing Director RZZZ in De Lier - De Zwaan Kornelius (Kees) Reinink, Specialist Projects Seed Health Testing in De Lier - SQC Jeffrey Rabbers. Көшпелі іс-шараның нәтижесінде екіжақты келісім бойынша 72 тұқым сынамасы және Ботаника және фитоинтродукция институтының Тұқым қорын толықтыру үшін 65 сынама алынды.

          

Жіберілімге жазылыңыз