Дендрология зертханасының экспедициясы

27 июня 2022,

24 маусымда "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК дендрология зертханасының ғылыми қызметкерлері BR10264557 "Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдіктерінің қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау" бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер міндеттерін орындау шеңберінде 10 күндік экспедициядан оралды. Толығырақ…

Сапар барысында зертхана қызметкерлері Жоңғар-Алатау МҒӨК аумағында, мемлекеттік табиғи қаумалдың Лепсі филиалында, сондай-ақ Алматы облысының Алакөл және Сарқан әкімшілік аудандары шегінде ағаш өсімдіктерінің бөтен түрлерін анықтау және олардың агрессивтілігін бағалау бойынша Сарқан, Алакөл орман шаруашылықтарында болды.
Зерттеу барысында дендрологтар агрессивті инвазивті түрлерді тіркеді: американдық үйеңкі, шегіршін, ағаш қараған, қарапайым сирень т.б. ағаш өсімдіктерінің санын анықтауға, бұтақтардың енін, олардың биіктігі мен ағаштың жағдайы анықтауға арналған алаңдар салынды. Олардың агрессивтілік дәрежесі анықталды, орман алқабының жай-күйін сипаттайтын учаскелер салынды. Экспедиция өте қызықты және жемісті болды, Жоңғар Алатауының табиғаты тамаша. Енді зертхана қызметкерлері жиналған материалды өңдеп, егжей-тегжейлі талдайды. Таяудағы айларда оларда осы мақсатпен, бірақ Алматы облысының басқа өңірлеріне жаңа экспедициялар болады.
 

    

Жіберілімге жазылыңыз