2023 жылдың 5 маусымы мен 10 маусымы аралығында дендрология зертханасының қызметкерлері BR10264557 «Алматы қаласы өсімдіктер дүниесі мен өсімдік ресурстарының ағымдағы экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау» бағдарламасы бойынша Алматы облысының Қаратал және Балқаш аудандарына тарауы бойынша «Ағаш тектес өсімдіктердің бөтен түрлерін анықтау тарауы» бойынша экспедиция жүргізді. Толығырақ…
Қаратал өзенінің арнасынан Ulmus glabra және Acer negundo инвазиялық түрлері табылды, олар қазірдің өзінде табиғи экожүйеге өте белсенді түрде еніп, бірте-бірте жергілікті түрлерді, атап айтқанда, өзен арнасында өсетін тал түрлерін ауыстырады.
Тағы бір инвазивті түр - Ulmus pumila Іле өзені мен оның бұрылу арналарының бойынан табылды, ол су ағысының бойына тұқым таратады, жаңа аумақтарды жаулап алады.
Экспедициялардың нәтижесінде Алматы облысының «Қара кітабы» шығады. Елді мекендерді көгалдандыруда қолданылатын ағаш-бұта түрлері бойынша да деректер жинақталды. Жиналған мәліметтерді талдау интродукцияланған өсімдіктердің табиғатқа қай жерден түсетінін көрсетеді.