Солтүстік Қазақстанға экспедиция

15 июля 2024,

2024 жылғы 10 мен 21 маусым аралығында BR21872166 «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Батыс, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның табиғи флорасының жеміс-жидек өсімдіктерін молықтыру, сақтау, пайдаланудың ғылыми-практикалық негіздері» (жетекшісі Иманбаева А.А.) бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің Солтүстік Қазақстанға экспедициясы өтті. Толығырақ…

А.Д.Жанғалиев атындағы генофондты қорғау және жеміс өсімдіктерін енгізу зертханасының қызметкерлері Мұқан Г., Шадманова Л. және дендрология зертханасы Есжан А., Астана ботаникалық бағының қызметкерлері Ражанов М., Ахатов К., Канапин Ч. бірлесіп азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын іске асыру үшін маңызы бар жеміс өсімдіктері мен олардың мекендейтін жерлерін зерттеді. GPS координаттары тіркелді, экологиялық-ценотикалық өмір сүру жағдайлары сипатталды және қызығушылық тудыратын өсімдіктердің дескрипторлары жасалды, әрі қарай камералық зерттеулер үшін материал таңдалды. Осы зерттеудің алдын ала бағалауы бойынша көктемгі су тасқынының ұзаққа созылған салдарларымен байланысты жеміс өсімдіктерінің төмен өнімділігі байқалады.

          

Жіберілімге жазылыңыз