Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің Нидерландыдан келген әріптестерімен бірге экспедициясы

18 сентября 2024,

2024 жылдың 18 тамызы мен 27 тамызы аралығында Rijk Zwaan Breeding B.V. (Нидерланды Корольдігі) компаниясымен екіжақты келісімді жүзеге асыру шеңберінде Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің Павлодар облысына экспедициясы өтті.

Мақсаты Lactuca, Asparagus, Fragaria, Rubus тұқымдастарының тұқымдарын жинау болып табылатын экспедицияның бағыты Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының көрікті жерлерінен өтті. Қазақстан тарапынан экспедицияға қатысқандар: Тұқым банкінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мурзатаева Т.Ш., Өсімдіктер әлемінің кадастры зертханасының меңгерушісі PhD Османәлі Б.Б., сонымен қатар б.ғ.к., «Торайғыров Университеті» Агротехнология кафедрасының доценті Камкин В.А., Нидерланды жағынан Rijk Zwaan компаниясының қызметкерлері – Managing Director RZZZ in De Lier -Benoit Сopin, Specialist Projects Seed Health Testing in De Lier - SQC Jeffrey Rabbers.

Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым қорын толықтыру бойынша көшпелі іс-сапардың нәтижесінде 110 тұқым үлгілері жиналды, оның 11 түрі тұқым коллекциялары үшін жаңа, бір сирек кездесетін Glycyrrhiza korshinskyi Grig./Коржинский мия түрі.

                        

Жіберілімге жазылыңыз