Дендрология зертхана қызметкерлерінің Оралға экспедициясы

07 октября 2024,

BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» (2023-2025 жж.) нысаналы қаржыландыру бағдарламасының міндеттерін іске асыру шеңберінде Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері 2024 жылғы 26 тамыздан 6 қыркүйекке дейін Орал қаласына экспедиция өткізді. Толығырақ…

Экспедиция барысында түр алуандығы анықталып, Орал қаласын көгалдандырудан табылған ағаш-бұта өсімдіктерінің тізімі жасалды. Жасыл ағаштар мен бұталардың санитарлық жағдайы олардың нақты (сапалық) сипаттамаларына қарай анықталып, қаланы абаттандыруда кездесетін өсімдіктердің тізімі жасалды.

Экспедиция құрамында дендрология зертхананың қызметкерлері: Есжанова А.С. (дендрология зертханасының меңгерушісі), ағқ Зверев Н.Е., ағқ Масалова В.А., ғқ Абдухадыр А.Н.

Дендрология зертхана қызметкерлері атақты селекционер С.Исаев атындағы халықаралық тәжірибелік питомникте де болып, осы бірегей бақшаны жасаушы Қайрат Кәрімовпен кездесті. Бақшада ол алма ағаштарының баға жетпес генофондын, жүзімнің 180-ге жуық сортын және басқа да ағаш-бұта өсімдіктерін жинады.

              

Жіберілімге жазылыңыз