Ақтөбе облысының Әйтекеби және Ырғыз аудандарына экспедиция

25 июня 2025,

2025 жылдың 30 мамыры мен 12 маусымы аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының және оның филиалы Астана ботаникалық бағының қызметкерлері Ақтөбе облысының Әйтеке би және Ырғыз аудандарына экспедиция жүргізді. Толығырақ...

Жұмыс BR21882122 «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» (2023-2025) бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілді.

Экспедицияның мақсаты аймақтың биоәртүрлілігін жан-жақты зерттеу болды. Далалық жұмыстар барысында бірқатар геоботаникалық, флористикалық, алгологиялық және микологиялық зерттеулер жүргізілді. Экспедиция тобының құрамында: геоботаника зертханасының қызметкері Иманалинова А.А., микология және алгология зертханасының қызметкерлері Джиенбеков А.К. және Сыпабекқызы Г., Астана ботаникалық бағының қызметкері, флора және өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі Ізбастина Қ.С.

              

Жіберілімге жазылыңыз