2024 жылғы 16-23 тамыз аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлерінің Ақтөбе облысына экспедициялық кешенді сапары өтті. Толығырақ…
Экспедиция BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» БНҚ міндеттерін орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Оған геоботаника мамандары: жғқ, б.ғ.к. Үсен Қ., ғқ Ысқақов Р.Т., кғқ Салмұханбетова Ж.Қ., микология және алгология зертханасының мамандары: зертхана меңгерушісі, б.ғ.к. Нұрашов С.Б., жғқ, б.ғ.к. Саметова Э.С., кғқ Сыпабекқызы Г. қатысты. Экспедицияның мақсаты – Ақтөбе облысы Шалқар ауданында геоботаникалық, алгологиялық және фитопотологиялық зерттеулер жүргізу.