7-19 тамыз аралығында Ақтөбе облысына Зоология институтының әріптестерімен бірге Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің кешенді экспедициясы өтті. Толығырақ…
Экспедиция BR21882122 «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» мақсатты қаржыландыру бағдарламасының міндеттерін іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Экспедиция барысында өсімдіктер бірлестігіне 40 геоботаникалық сипаттама жүргізілді, су қоймалары мен су ағындарынан планктон мен балдырлардың ластануының 8 сынамасы, сонымен қатар микромицеттердің гербарий материалының 14 үлгісі алынды.
Экспедиция мүшелері: Исламгулова А.Ф., Искаков Р.Т., Иманалинова А.А., Салмұханбетова Ж.Қ. (геоботаника зертханасы); Жиенбеков А.Қ. (микология және алгология зертханасы); сондай-ақ Зоология институтының қызметкерлері – Малахов Д.В. және Линник А.С.