Экспедиция BR21882122 «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» мақсатты қаржыландыру бағдарламасының міндеттерін іске асыру аясында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері 2024 жылдың 22-28 тамызы аралығында Ақтөбе облысына экспедиция аттанды. Толығырақ…
Зерттеу аумағы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Шоқысу теміржол станциясының жанында орналасқан. Экспедиция барысында өсімдіктер қауымдастығы сипатталып, гербарий үлгілері жиналды. Алтын-Шоқысудың үшінші сатысында Арал теңізі эндемиктері Arthrophytum pulvinatum және Climacoptera aralensis популяциялары анықталды. Сондай-ақ, жыраның баурайында және Алтын-Шоқысу жотасының жазық төбе бөлігінде тағы бір Арал өңірінің эндемигі Арал жусанының (Artemisia aralensis) қауымдастықтары анықталды.
Топ құрамында геоботаника зертханасының қызметкерлері болды: Димеева Л.А. (геоботаника зертханасының меңгерушісі), Искаков Р.Т. (ғылыми қызметкер), Салмұханбетова Ж.Қ. (кіші ғылыми қызметкер) және дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Зверев Н.Е.