Таразға экспедиция 2024 жылдың 3 сәуірінен 11 сәуіріне дейін

16 апреля 2024,

Көктем келді, бұл ғалымдарымыз экспедиция сапарларының қызу маусымын бастады деген сөз. Толығырақ…

2024 жылдың 3 сәуірі мен 11 сәуірі аралығында дендрология және жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының ғылыми қызметкерлері Тараз қаласына экспедиция жасады.

Сапардың мақсаты – Тараз қаласындағы ағаштар мен бұталардың түрлік алуандылығын, физиологиялық және патологиялық жағдайын бағалау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Анықталған ассортимент болашақта қалалық аумақтарды көгалдандыру үшін ағаштар мен бұталардың тұрақты ассортиментін күту және күтіп-баптау бойынша ғылыми негізде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Жүргізілген жұмыстар Тараз қаласының жол картасын жасау, жасыл желектерді күтіп ұстау және дамытудың алғы шарты болады.

      

Жіберілімге жазылыңыз