2024 жылдың 26 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында А.Д.Жанғалиев атындағы генофондты қорғау және жеміс өсімдіктерін интродукциялау зертханасы қызметкерлерінің экспедициясы өтті. Толығырақ…
Сапардың мақсаты: «Ұлытау өңірінің өсімдіктер кадастрын құру өңірдің ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану үшін «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының міндеттерін іске асыру ретінде» бағдарламасы аясында аймақтағы экономикалық құнды ресурстық түрлердің түр құрамы мен таралуын анықтау, шикізаттың ағымдағы қорын бағалау және ресурс түрлерін картаға түсіру тапсырмасын орындау. Экспедицияға қатысушылар: зертхана меңгерушісі, б.ғ.к. Мұқан Г.С., ғқ Санқайбаева А.Г., кғқ Қидарбек Т., кғқ Баймағанбетова М.М. және өсімдік ресурстары зертханасының маманы, кғқ, Ph докторант Рамазанова М. және жүргізуші Жиенбаев Т.