2024 жылдың 7 желтоқсанында Tabigat Labs фестивалі өтті, онда аттас бағдарламаның екінші маусымының қорытындысы шығарылды. Tabigat Labs - бұл бастамалар коалициясы, қала экологиясы мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге бағытталған. Толығырақ...
Бұл фестиваль экологиялық мәселелер мен климаттың өзгеруіне алаңдайтын әрбір адам үшін нағыз мерекеге айналды. Фестиваль қатысушылары осы тақырыпты біріктірудің және әртүрлі форматта шешудің қаншалықты маңызды екенін көрсету үшін жиналды.
Биылғы жылы «Urban Forum Kazakhstan», Бас Ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты), Book Kultura (Impact Hub Almaty бастамасы) және Fading.TSE (Астана) «Шеврон» серіктестігімен бірнеше жобаны жүзеге асырды. Осы жобалардың ішінде ботаникалық бақтағы жұмысын екінші жыл жалғастырып келе жатқан «Жасыл Рейнджер Клубы» волонтерлік бағдарламасы бар. Маусымнан қазан айына дейін әр сенбі сайын ботаникалық бақта қызықты дәрістер, шеберлік сабақтары, пікірталастар, фильмдер көрсетілімі, өсімдіктерді күту және емдеу бойынша тәжірибелік сабақтар, бақшаға көмек көрсету бойынша еріктілер іс-шаралары өткізілді. Бұл кездесулер қатысушыларға қалалық көгалдандыру, табиғатты қорғау және жасыл өмір салты туралы білімдерін тереңдетуге көмектесті. Бұл жоба табиғат қорғаушыларды, еріктілерді және табиғат жанашырларын біріктірді.
Tabigat Labs фестивалі дәрістер, экологиялық таза өнімдер жәрмеңкесі, кітап көрмесі, шеберхана алаңдары мен интерактивті ойындарды қамтыды. Ботаника және фитоинтродукция институты мен Бас Ботаникалық бақтан маркетинг бөлімінің меңгерушісі Б.Қоспенбетова мен ғылыми қызметкер А.Дубынин «Азаматтық ғылыми жобалар: маңыздылығы мен мүмкіндіктері» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, ботаникалық бақ ұйымдастырған табиғи материалдардан шырша әшекейлерін жасау бойынша шеберлік сабақтарына барлығы қатыса алды.
Бұл білімге, шығармашылыққа және шабытқа толы күн болды! Біздің ортақ миссиямызды қолдағандардың барлығына рахмет. Біз бірге әлемді жақсарта аламыз!
Tabigat Labs жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылуда. Жобаға қатысушылар: Urban Forum Kazakhstan, Бас Ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты), Fading TSE, Impact Hub Almaty.