Бас ботаникалық бақ көңіл айтады

10 января 2022,

Бас ботаникалық бақ пен Ботаника және фитоинтродукция институтының ұжымы соңғы күндердегі қайғылы оқиғаларда қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Толығырақ…

Біз халықпен бірге қайғырып, сүйікті қаламыз үшін жан-тәнімізбен алаңдаймыз. Осынау қиын күндерде біз байсалдылығымызды жоғалтпай, ботаникалық бақтағы барлық жүйелердің өміршеңдігін қамтамасыз еттік. Қызметкерлер ботаникалық бақ аумағын күзетіп, инженерлік жүйелердің жұмысын қадағалады.

Елімізге алаңдап, қолдау сөздерін жолдаған әлемнің түкпір-түкпіріндегі ботаникалық бақтағы әріптестерімізге алғысымыз шексіз! Жақында елдегі жағдай толығымен тұрақтап, тыныш өмірге қайта ораламыз деп сенеміз. Қазір халықтың бірлігі мен қолдауы бұрынғыдан да маңызды. Біз бірге күштіміз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

Төтенше жағдай кезінде ботаникалық бақ жұмыс істемейтінін естеріңізге саламыз.

Жіберілімге жазылыңыз