Гульнара Ситпаева ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің төрайымы болып сайланды!

26 ноября 2026,

2026 жылғы 24–25 қарашада Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым академиясының Бас Ботаникалық бағында ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің VIII съезі өтті. Толығырақ...

Съезд аясында өткен есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гульнара Токбергенқызы Ситпаева Кеңес төрайымы болып сайланды.

Кеңес ТМД елдері ботаникалық бақтарының өсімдіктер биоалуантүрлілігін табиғи ортада және мәдени жағдайда сақтау, тірі өсімдіктердің ғылыми коллекцияларын, тұқым қорлары мен генетикалық ресурстарды дамыту бағытындағы күш-жігерін біріктіреді.

Бұл жауапты қызметке сайлану Гульнара Токбергенқызының кәсіби беделінің және Институттың ботаника ғылымын дамыту мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесінің мойындалуы болып табылады.

Гульнара Токбергенқызын жаңа қызметімен құттықтаймыз! ТМД елдерінің ботаникалық бақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыру жолындағы жұмысына табыс тілейміз!

Жіберілімге жазылыңыз