20 наурызда достық кездесу аясында Нара Ұлттық мәдени мұра институтының (Жапония) ғалымдарының делегациясы «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-ға келді. Толығырақ…
Кездесу барысында этноботаника саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, қонақтар институттың гербарий және тұқым қорына қызығушылық танытты. Олар Қазақстанның табиғи флорасының тұқым банкінде, гербарийде (АА), сондай-ақ Бас ботаникалық бақта болды.