Сурет байқауының қорытындысы

01 июня 2022,

Бас Ботаникалық бақ барлығын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды! Толығырақ…

Бүгін біз "Ботаникалық бақ балалардың көзімен" - "Ботсад глазами детей" суреттер байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз. Біз барлық қатысушыларға керемет жұмыстары үшін және сүйікті Ботаникалық бақты сіздің көзіңізбен көру мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Ботаникалық бақ табиғатты жақсы көретін және айналасындағы сұлулықты байқайтын көптеген жас жанкүйерлері бар екендігі өте қуанышты.

Екі апта ішінде біз байқауға қатысу үшін 57 жұмыс алдық. 29-31 мамыр аралығында botsad.kz ресми аккаунт сторисінде онлайн дауыс беру өтті. Нәтижесінде үш жеңімпаз анықталды. Барлық үш жеңімпазға Lenovo Tab планшеттері беріледі.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз:

Бірінші орын – Сулейманова Ясмин

Екінші орын - Кречетова Вероника

Үшінші орын - Салменова Айлин

    

Бірақ бұл бәрі емес! Байқаудың алғашқы 50 қатысушысы Chaplin Cinemas кинотеатрындағы "Коати. Легенда джунглей" мультфильмге тегін билет алады.Реттік нөмірі 1-ден 50-ге дейінгі қатысушылар мәліметтерді нақтылау үшін дирекке жазуы керек. Жеңімпаздарды марапаттау 1 маусым күні сағат 18:00-де Ботаникалық бақта мерекелік концерт басталар алдында өтеді.

 

Жіберілімге жазылыңыз