Геоботаника кафедрасы 1945 жылы құрылған. Биыл зертхана құрылғанына 80 жыл толды. Толығырақ...
Зертхана меңгерушісі: Димеева Л.А. Қазіргі таңда зертханада 12 адам жұмыс істейді.
2024 жылға арналған нәтижелер
• 4 бағдарлама мен грантқа қатысу:
1) Өңірдің ботаникалық ресурстарын орнықты пайдалану үшін «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының міндеттерін іске асыру ретінде Ұлытау облысының өсімдіктер кадастрын құру. Жаңаарқа өңірі мен Қаражал аймағының өсімдіктерінің экологиялық және фитоценоздық сипаттамасы берілген.
2) «Балқаш-Алакөл бассейнінің қуаң аумақтарының жабайы жануарларының кадастры, оларды сақтауға және орнықты пайдалануға қатерлерді бағалау». Негізгі орындаушы: Зоология институты. Зертхананың мақсаты: Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйелерінің картасын жасау. 2024 жылы Балқаш ойпатының орта масштабты экожүйе картасы (М. 1: 500 000) құрастырылып, картаға 41 саннан тұратын легенда жасалынды.
3) «Климаттың өзгеруі жағдайында медицина және ветеринария үшін перспективалы Қазақстан өсімдіктерінің ресурстық базасын сақтау және дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу». Бас мердігер – Генетика институты. Зерттеу тақырыбы: «Солтүстік Арал өңірі, Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан таулары аумағындағы мақсатты өсімдік түрлерінің ресурстық әлеуетін бағалау». 2024 жылы Солтүстік Арал өңірінің мақсатты түрлерінің ресурстық әлеуетін бағалау жүргізілді.
4) «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» мегагрант. Негізгі орындаушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Кіші бағдарлама: Тұрақты даму және жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан облысының биоәртүрлілігін бағалау. 2024 жылы Батыс Қазақстан облысының 4 ауданы бойынша биоәртүрлілік деректер базасы құрылып, https://biokadastr.kz сайтында орналастырылды. 13 экспедиция өткізілді. Мәліметтердің толықтығын бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттық-аналитикалық карталар сериясы жасалды, далалық зерттеулер кезінде нақтылауды қажет ететін аумақтар анықталды.
24 мақала жарияланды.
Халықаралық конференцияларға жеке және онлайн қатысу: Испания (Мадрид), Қырғызстан (Бішкек), Башқұртстан (Уфа), Беларусь (Минск).
3 авторлық куәлік алынды.