Ботаника және фитоинтродукция институтының тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау зертханасының тарихы тұқым шаруашылығы тобы алғаш ұйымдастырылған 1932 жылдан басталады. 1973 жылы «Тұқымтану зертханасы» бекітілді. 2013 жылы Ситпаева Г.Т.-ның бастамасымен жаңа «Тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау зертханасы» құрылды. Толығырақ…
Қазіргі уақытта бұл зертханада 11 қызметкер жұмыс істейді: а-ш.ғ.к. жетекші ғылыми қызметкер Айтымбетова Қ.Ш., б.ғ.к. жетекші ғылыми қызметкер Махмудова К.Х., кіші ғылыми қызметкерлер: Алғазы А.Т., Алпысова А.Ж., Дүкенбаева Б.С., Елубаева А.С., Муган А., аға лаборанттар Кенжебекова Н.Ж., Саржанова С., Ли Л.Н.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:
1. Қазақстанның табиғи флорасының тұқым қорын құру;
2. Интродукцияланған өсімдіктердің тұқымдық материалы мен коллекциялық қорының фитосанитарлық мониторингі;
3. Басқа елдердің ботаникалық бақтарымен, дендропарктарымен және ботаникалық мекемелерімен алмасу қоры;
4. Интродукцияға ұсынылған тұқымдардың сапасы мен қолжетімділігін анықтау;
5. Тұқымдарды жинау, сақтау және түгендеу;
6. Тұқымдық көрсеткіштерді шығару.
Зертхана 2013 жылы тұқым қорын құру жұмысын бастады. Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкінің он жылдық жұмысы ішінде екі үлкен коллекция қалыптасты: біріншісі табиғи флора тұқымдарынан, саны 4607 үлгі, 87 тұқымдас, 398 туыс, 1059 түр, 60-тан астам түр сирек, жойылып бара жатқан, ерекше құнды, эндемик, Қызыл кітапқа енген түрлер және екіншісі 656 үлгіден, 242 туыстан, 477 түрден, 78 тұқымдастан тұратын интродукциялық топтама болып табылады. Бүгінгі күні барлығы 5 341 сынама сақтауға тапсырылды.
2021-2023 жылдар аралығында зертхана қызметкерлері BR10264557 «Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық» ғылыми-техникалық бағдарламасына қатысты. Осы жылдар ішінде тұқым жинағы 65 тұқымдас 413 түрдің 659 үлгісімен кеңейтілді. Осы бағдарлама аясында 150 беттен тұратын «Алматы облысының тұқым атласы» шығарылды, оның фотосуреттері мен қазақ және орыс тілдеріндегі түрлерінің тұқымдарының сипаттамасы бар. 2023 жылы 3 ғылыми мақала жарияланды.
Өткен жылы зертхана қызметкерлері С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, ҚазҰАУ агробиология факультеті студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізді.
2023 жылдың тамыз айында біз Rijk Zwaan Breeding B.V., (Нидерланды) компаниясымен Шығыс Қазақстан облысында тұқым жинау бойынша халықаралық экспедицияға қатысты.