IV Халықаралық Орталық Азия Өсімдік питомниктері қауымдастығының конференциясы

28 сентября 2026,

23–24 қыркүйекте Алматы қаласында питомник шаруашылығын, көгалдандыру және абаттандыру салаларын дамытуға арналған IV Халықаралық Орталық Азия Өсімдік питомниктері қауымдастығының конференциясы өтті. Толығырақ...

Конференция аясында 25 қыркүйекте Бас Ботаникалық бақ «Green Expert» практикалық күніне алаң болды. Іс-шараға қатысушылар Бас Ботаникалық бақ аумағын аралап, экскурсия барысында Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдарынан бақтың өсімдіктер дүниесі мен коллекциялары туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ қатысушылар жабайы жемісті өсімдіктердің коллекциялық учаскесіне барды.

Бағдарламаның практикалық бөлімі ағаштардың тәжін қалыптастыру және оларды кесу, сондай-ақ гортензияларды күзгі кесу бойынша шеберлік сабақтарымен жалғасты.

Институттың осындай іс-шараларға қатысуы сала өкілдерімен кәсіби байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ көгалдандыру, питомник шаруашылығы және өсімдіктерді күтіп-баптау салаларында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

              

Жіберілімге жазылыңыз