Азия өсімдіктерін картографиялау жөніндегі IV халықаралық симпозиум

14 сентября 2026,

2026 жылғы 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайдың Харбин қаласында Northeast Forestry University базасында Азия өсімдіктерін картографиялау жөніндегі IV халықаралық симпозиум өтті. Толығырақ...

Симпозиумды ұйымдастырушылар: Biodiversity Committee, Chinese Academy of Sciences (CAS), Xinjiang Institute of Ecology and Geography, CAS, Northeast Forestry University және Northeast Asia Biodiversity Research Center. Іс-шара The Alliance of International Science Organizations (ANSO) ұйымының қолдауымен өткізілді. Симпозиум төрағасы — Prof. Dr. MA Keping.

Халықаралық симпозиум жұмысына Ботаника және фитоинтродукция институтының өсімдіктер әлемінің кадастры зертханасының меңгерушісі Осмонали Бектемір Бірімқұлұлы қатысты. Ол “Plant diversity and endemism in temperate Asia" ғылыми секциясы аясында: "Distribution and diversity of Chenopodiaceae species in Kazakhstan" тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада Қазақстан аумағындағы Chenopodiaceae тұқымдасы өкілдерінің таралуы мен алуантүрлілігі туралы заманауи мәліметтер ұсынылып, бұл топты зерттеудің еліміздің аридті және субаридті өңірлеріндегі флоралық алуантүрлілікті бағалаудағы маңызы атап өтілді.

Симпозиумда Қазақстан атынан Алтай ботаникалық бағының өкілі Айдар Сүмбембаев та қатысты. Ол Қазақстан Алтайының сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлері туралы баяндама жасады.

Симпозиумның ғылыми бағдарламасы өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыды. Олардың қатарында қоңыржай Азия өсімдіктерінің алуантүрлілігі мен эндемизмі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлер, флораны картографиялау, гербарий қорларын цифрландыру, өсімдіктер жамылғысы туралы деректер базаларын құру және интеграциялау, цифрлық гербарийлерде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ биоалуантүрлілікті мониторингілеу мен сақтаудың заманауи тәсілдері болды.

Бағдарламаның жеке секциясы деректерді цифрландыру мен алмасуға — «Plant and vegetation databases: digitalization and sharing» тақырыбына арналды. Аталған секцияда, атап айтқанда, Prof. DENG Tao, Prof. LI Wenjun және профессор Алексей Серегин баяндамалар жасады.

Симпозиумға қатысу Ботаника және фитоинтродукция институтының Қытайдың және Азияның басқа да елдерінің ғылыми мекемелерімен халықаралық ғылыми ынтымақтастығын кеңейту тұрғысынан ерекше маңызға ие болды. Кездесу барысында өсімдіктер алуантүрлілігі туралы деректерді біріктіру, систематика, флористика, картографиялау және өсімдіктерді қорғау салаларындағы бірлескен зерттеулерді дамыту, гербарий қорларын цифрландыру және биоалуантүрлілік жөніндегі халықаралық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру перспективалары талқыланды.

Бағдарламаның қорытынды бөлімі Mapping Asia Plants бастамасын одан әрі дамытуға және қатысушылар арасындағы болашақ ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналды.

       

Жіберілімге жазылыңыз