«Қазақстан өсімдіктер дүниесін кешенді кадастрлық бағалау бойынша әдістемелік құрал» жарық көрді

05 марта 2024,

Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдары BR10264557 «Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында тағы бір ғылыми жұмыс жариялады. Толығырақ…

Бұл «Қазақстан өсімдіктер дүниесін кешенді кадастрлық бағалау бойынша әдістемелік құрал». Авторлары: Өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д. Гемеджиева Н.Г. және Геоботаника зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д. Димеева Л.А.

Әдістемелік құралда өсімдіктер дүниесін күзету мен пайдалануды құқықтық реттеу; Алматы облысы өсімдіктер дүниесінің ботаникалық алуандығының компоненттерін (жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар, микобиота, өсімдікжабын мен өсімдік ресурстары) алғашқы кадастрлық тексерістер мысалында түгендеу жүргізу тәртібі туралы мағлұматтар келтірілді. Зерттеу әдістері қысқаша сипатталды, аймақтың өсімдіктер дүниесінің қазіргі экологиялық жағдайы бағаланды, флора мен өсімдік ресурстарын сақтау мен орнықты пайдалану бойынша құрастырылған ұсыныстар мысалдары, жоғары сатыдағы жүйкелі өсімдіктердің, балдырлар және микобиотаның Аннотацияланған тізімін, геоботаникалық жазбаларды, өсімдік қауымдастықтары типтерінің тізімі, өсімдіктің ресурстық түрінің жазбасы, тұқымдар сипаттамасы, сирек түрлер мен қауымдастықтардың, бөтен өсімдік түрлерінің төлқұжаттарын, табиғаттан алынған жабайы жемісті түрлердің болашағы бар селекциялық формаларының сипаттамаларын жасау үлгілері келтірілді.

Берілген материалдар түгендеуді, өсімдік ресурстарының мониторингін, табиғат қорғауды болжау шараларын және осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстанның басқа облыстарында жүргізуде әдістемелік негіз болады.

Басылым ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі мекемелерде қызмет ететін мамандарға және әлеуетті табиғат пайдаланушыларға қажетті әдістеме бола алады.

 

 

Жіберілімге жазылыңыз