Қазақстан аумағында өсетін жабайы жеміс-жидекті өсімдіктерінің табиғи ормандарын бірегейлігіне, генетикалық потенциалына, ғылыми және практикалық маңызына қарай аса бағалы өсімдіктер қауымдастығына жатқызуға болады. Толығырақ…
Қазіргі кезде жемісті өсімдіктерінің генетикалық ресурстарының рөлі барған сайын артып келеді және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында оларды пайдалануда, сақтауда жоғары талаптар қойылады. Дегенмен, соңғы онжылдықтарда бірегей жемісті ормандардың құраушы түрлері – Сиверс алмасы мен кәдімгі өріктің таралу аймақтары апатты түрде қысқаруда. Бұл жабайы жеміс-жидекті өсімдіктерінің генофондының құруына ғана емес, сонымен қатар орман қауымдастықтарының құрамдас бөлігі болып табылатын көптеген түрлердің жойылу қаупін тудырады.
Жанғалиев атындағы жеміс өсімдіктерінің генофондын қорғау және интродукциялау зертханасының ғылыми қызметкерлері жабайы жеміс өсімдіктерін сақтауға өз үлестерін қосуда. Олар «Ресурс әлеуетін тиімді басқарудағы ғылыми негіз ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық күйін кадастрлық бағалау» (2021–2023 жж.) ғылыми-техникалық бағдарлама аясында Алматы облысындағы жеміс өсімдіктерінің биоәртүрлілігіне селекциялық-генетикалық түгендеу жұмыстарын жүргізді және «Алматы облысының ерекше бағалы жабайы жеміс-жидек өсімдіктерінің каталогы» шығарылды. Бұл ғылыми жұмыста жемісті өсімдіктердің ценопопуляциялары түр және түр ішілік деңгейде қарастырылып, Алматы облысындағы бағалы жабайы жеміс өсімдіктерінің селекциялық-генетикалық түгендеу сипаттамасы берілген. Ерекше бағалы жеміс өсімдіктерінің 11 түрі – Malus sieversii, Armeniaca vulgaris, Berberis iliensis, Berberis heteropoda, Hippophae rhamnoides, Rosa alberti, Rosa beggeriana, Rosa fedtschenkoana, Rosa iliensis, Rosa laxa, Rosa platyacantha және олардың 85 іріктелген формаларының жемістеріне помологиялық және биохимиялық бағалау нәтижелері берілген. Іріктелген формалар ботаника және фитоинтродукция институтының коллекциялық қорында интродукциялық сынақтан өтуде.
Әрбір түр үшін келесі сипаттамалар берілген: атауы (латын, қазақша, орысша), тұқымдастығы (латын тілінде), фотосуреттер, түр статусы (сирек, эндемикалық, ресми түрде танылған дәрілік немесе халық медицинасында қолданылады), «Қазақстан флорасы» басылымына сәйкес қысқаша ботаникалық сипаттамасы, Қазақстанның флоралық аймақтары бойынша таралуы, экологиялық ұштастығы, пайдалы қасиеттері, қолданылу және сақтау бойынша ұсыныстар, пайдаланылған әдебиет тізімі. Іріктелген форма үшін келесі сипаттамалар беріледі: табиғи популяциясына, биологиялық және помологиялық экономикалық құнды белгілері мен қасиеттеріне қысқаша сипаттама, жемістердің химиялық талдауы да берілген.
Алматы облысының ерекше бағалы жабайы жемісті өсімдіктердің каталогы Қазақстандағы жабайы жеміс өсімдіктерінің генетикалық қорын сақтау және оларды қайта қалпына келтіру мәселелерімен айналысатын мамандарға, сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін Ұлттық және Әлемдік деңгейде қамтамасыз етуге селекционер үшін пайдалы болады.