Жақында біз BR 10264557 «Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының экологиялық жай-күйін кадастрлық бағалау» үш жылдық ғылыми-техникалық бағдарламасының қорытындысын шығардық. Толығырақ…
Осы бағдарлама аясында жарық көрген көптеген ғылыми еңбектердің бірі «Алматы облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерінің каталогы» болды.
Басылым Алматы облысы флорасының сирек түрлерін анықтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Бұл каталогқа Алматы облысының жоғары сатыдағы өсімдіктерінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің 117 түрі, саңырауқұлақтардың 11 түрі, балдырлардың 3 түрі және қыналардың 1 түрі енгізілді. Әр түр үшін келесі мәліметтер келтірілген: өсімдіктердің атауы (латын, мемлекеттік және орыс тілдерінде); олардың таксономиялық байланысы: класы мен тұқымдасы; түрдің мәртебесі (санаты); қысқаша морфологиялық сипаттамасы; гүлдену және жеміс беру мерзімдері; экологиялық орайластырылуы; Қазақстан шегінде таралуы; жалпы ауқымы; шектеуші факторлар; қажетті қорғау шаралары; иллюстрация (табиғаттағы фотосурет, гербарий үлгісіндегі фотосурет немесе сурет). иллюстрация (табиғаттағы фотосурет, гербарий үлгісіндегі фотосурет немесе сурет). Бірқатар түрлер үшін Алматы облысы аумағындағы таралған карталары келтірілген. Осы ғылыми еңбекте келтірілген деректер «өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін» қайта басып шығаруға негіз болады (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 Қаулысы), сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар, соның ішінде ғалымдар (ботаниктер, экологтар, зоологтар және т. б.) ЕҚТА және басқа да табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері, табиғат пайдаланушылар, оқытушылар мен білім алушылар (оқушылар мен студенттер) пайдалана алады. Каталогты botsad.kz сайтының «ғылыми жарияланымдар» бөлімінде табуға болады.
