2026 жылғы 2 сәуірде Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі ғимаратында «Таңбалы» мемлекеттік табиғи музей-қорығы ұйымдастырған «Жартастағы суреттерді витринасыз таныстыру: жартас өнерін ұсынудың және кеңінен насихаттаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Толығырақ...
Конференция аясында «Таңбалы: Ата-баба коды» атты халықаралық көрме ұйымдастырылып, онда Владислав Кимнің фотожұмыстары ұсынылды.
Конференцияға жартас өнері бойынша сарапшылар, этнологтар, тарихшылар, антропологтар, мәдениеттанушылар, археологтар, музеологтар, филологтар, университеттердің, ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ бейінді мамандықтардың магистранттары мен докторанттары қатысты.
Ботаника және фитоинтродукция институты атынан маркетинг бөлімінің басшысы Коспенбетова Баян Қадыржанқызы баяндама жасады. Ол өз сөзінде Бас Ботаникалық бақ аумағында құрылған «Арқалан» жартас суреттері табиғи паркінің тәжірибесімен бөлісті. Бұл жоба – институттың ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, білім беру және мәдени-ағартушылық қызметтерінің синтезі болып табылады.
Парк – 14 жартасты тасқа түсірілген түркі петроглифтерінің авторлық интерпретациясын, 4 тас стеланы, стилизацияланған бұлақты және тұрғын үйдің іргетасын қамтитын бірегей арт-галерея. Оның аумағы шамамен 2,5 мың шаршы метрді құрайды. Ботаникалық бақтағы петроглифтер паркі қала шегінен шықпай-ақ жартас суреттері мен дала флорасын тамашалауға бірегей мүмкіндік береді
«Арқалан» жобасы, ботаникалық бақтағы ғылым, табиғат және мәдениет тоғысындағы басқа да жобалар сияқты, институттың ғылыми және ағартушылық қызметінің заңды жалғасы болып табылады. Жоба өсімдіктер туралы ғана емес, адамның табиғи жүйедегі орны туралы айтуға, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.
